Варшавада жарты миллионнан аса адам Польша үкіметінің саясатына қарсы шеруге шықты
Маусым 05, 2023 23:16 Asia/Almaty
Шерушілер Польша үкіметін конституцияны бұзып, халықтың құқығын әлсіретті деп айыптады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл Польшада коммунистік үкімет құлағаннан кейінгі 30 жылда үкіметке қарсы ұйымдастырылған ең ірі шеру болды.
Польшаның басқа қалаларында, соның ішінде Краковта да ұқсас шеру өтті. Үкіметке қарсылар алдағы парламенттік сайлауда "Әділет пен заң" партиясының 8 жылдық билігі тоқтатылады деп үміттенеді.