Францияда наразылықтар екінші күнге аяқ басты
Маусым 29, 2023 18:44 Asia/Almaty
Францияда бір жасөспірім полиция оғынан қаза тапқаннан кейін басталған қатыгездікке толы наразылықтар сәрсенбі күні кешке де жалғасын тапты.
17 жасар бала полиция оғынан қаза тапқаннан кейін басталған наразылықтарды басу үшін мыңдаған қауіпсіздік қызметкері Париждың айналасына орналастырылды.
Франция Президенті Эммануэль Макрон полицияның жас баланы атып өлтіруін кешірілмейтін әрекет деп атап, халықты тыныштық сақтауға шақырды.
CNN арнасының хабарлауынша, сәрсенбі күні кешке 2000-ға жуық бүлікке қарсы полиция қызметкері Париждың айналасына орналастырылды. Полиция бейсенбі күні таңертең шамамен 16 адамның ұсталғанын хабарлады.