Шіл 08, 2023 17:34 Asia/Almaty
  • Қытай  Иранға қарсы санкцияларды алып тастауды және Батыстың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ұстаныун сұрады

Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі АҚШ пен Еуропадан Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарының ережелерін орындап, Иранға қарсы барлық біржақты санкцияларды алып тастауды және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ядролық келісімін ұстануға шақырды.

 

«Мехр» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Чжан Цзюнь БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мерзімді отырысында Еуропа елдерінің Иранға қарсы қару-жарақ және зымырандық санкцияларын жалғастыру талпыныстарына реакция білдіріп, Ол Вашингтоннан Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарының ережелерін орындау арқылы Иранға қарсы барлық біржақты санкцияларды алып тастауды сұрады. Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі т Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын қолдап, Теһранның Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен ынтымақтастығына сілтеме жасап, АҚШ пен Батыс елдерінен осы мүмкіндікті пайдаланып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісіміне қайта оралу арқылы Иранмен ядролық келіссөздерді жалғастыруға шақырды.

  

 

 

 

Тегтер