Там 15, 2023 00:10 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысының орынбасары Мәскеуде Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілімен кездесті

Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысының орынбасары бригада генералы Насирзада жоғары лауазымды әскери делегацияны бастап Мәскеудің Внуково әуежайына барып, Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі Олег Демьяненкомен кездесіп, екі елдің қорғаныс саласындағы қарым-қатынасы туралы кеңесті.

Бригада генералы Насирзада қорғаныс және қауіпсіздік салаларында бірнеше халықаралық шараға қатысу үшін Ресейге барды.

Бұл сапар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың ресми шақыруымен жүзеге асырылды.  

Бригада генералы Насирзада Мәскеуде Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі генерал Олег Демьяненкомен екі елдің қорғаныс саласындағы қарым-қатынасы жайлы кеңесті.

Тегтер