Иран Түркия мен Сирияның қарым-қатынасын екі елдің мүдделері негізінде түзеуге талпынуда
(last modified Mon, 04 Sep 2023 13:58:10 GMT )
Қыр 04, 2023 19:58 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран екі көршілес ел Сирия мен Түркияның қарым-қатынасын түзеуге бағытталған талпыныстарының екі ел мен аймақтың мүдделеріне сай нәтиже беретініне үміттеніп отыр",-деді.

Насер Канани Дамаск пен Анкара қарым-қатынасын түзеудегі Иранның рөлі туралы: "Сириямен келіссөздеріміздің бір бөлігі екіжақты мәселелерге арналған",-деді.

Насер Канани: "Келіссөздердің басқа бір бөлігі Сириядағы саяси үдерісті бақылау және лаңкестікпен күрестің барысымен танысуға арналды. Басқа бір бөлігінде аймақтық және халықаралық  мәселелер талқыланды. Соның ішінде Иранның Сирия мен Түркия арасындағы қайшылықтарды шешуге және өзара ресми қатынасты қайта бастауға қолайлы жағдай жасауға талпынып жатқаны айтылды",-деді.

Канани Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианның  Иран мен АҚШ арасындағы "Қыркүйек" құжаты жайлы сөздеріне тоқталып: "2022 жылы қыркүйекте өткен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты соңғы келіссөздерде барлық тараптар бір қорытындыға келіп, келісімге қайта оралуға дайын екендерін білдірді. Бірақ АҚШ үкіметі мен еуропалық серіктестер Ирандағы бүліктерге қате есеппен қарап, бүлікке ақша салып, сол кезде Украинадағы өзгерістерге иек артып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келісімді қорытындылау мүмкіндігін жіберіп алды",-деді. 

Тегтер