Әзірбайжан Қарабақ аймағында тұратын армяндарға тең қатынас жасалатынын кепілдендіреді
(last modified Sun, 24 Sep 2023 12:38:42 GMT )
Қыр 24, 2023 18:38 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Қарабақ аймағында тұратын армяндарға тең қатынас жасалатынын кепілдендіреді

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов сенбі күні БҰҰ-да: "Қарабақ аймағында тұратын армяндарға тең қатынас жасалатынын кепілдендіреміз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джейхун Байрамов БҰҰ Бас ассамблеясына сөйлеген сөзінде: "Баку Қарабақ аймағында тұратын армяндарға Әзірбайжанның басқа азаматтарымен тең қатынас жасауға шешім қабылдап отыр",-деді.

Джейхун Байрамов: "Әзірбайжанның конституциясы, ұлттық заңдары мен біздің халықаралық міндеттемелеріміз мұны қамтамасыз етуге мықты негіз болады",-деді.  

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі өз сөзінің басқа бір бөлігінде: "Біз Баку мен Ереван үшін тату көршілестік қатынас орнатуға тарихи мұрсат берілді деп сенеміз",-деді.

19 қыркүйек Қарабақта әскери қайшылықтардың жаңа кезеңі басталды.

Қарабақта қайта қақтығыс басталғаннан бірнеше күн өткен соң Армения күштері ресейлік бітімгерлер тарапынан ұсынылған тағы бір бітімге келісті.