Қазақстанда "Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам" атты ғылыми-практикалық конференция өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i72738
Алматы қаласында Иран мен Қазақстанның қатысуымен "Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам және заманауи этика" атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 03, 2023 00:27 Asia/Almaty
  • Қазақстанда

Алматы қаласында Иран мен Қазақстанның қатысуымен "Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам және заманауи этика" атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ғылым, технология және зерттеулер министрлігінің Мәдени-әлеуметтік институты: "2023 жылы 24 қазанда Қазақстанның Алматы қаласында "Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам және заманауи этика" атты ғылыми-практикалық конференция өтеді",-деп хабарлады.  

Иранның Ғылым министрлігінің Мәдени-әлеуметтік институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қатысуымен өтетін конференцияда 6 ирандық фарабитанушы баяндама жасайды.

Бұл конференция – Ислам революциясы жетекшісінің Қазақстан Президентіне екі елдің фарабитанушыларының ортақ комитетін құру туралы кеңесінен кейін құрылған комитеттің алғашқы шарасы.