Қалибаф БАӘ Президентімен кездесті
Бейсенбі күні таңертең екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мақсатында екі күндік сапармен Абу-Дабиге келген Иран Ислам кеңесінің төрағасы БАӘ Президенті Мұхаммед Бин Заид Әл Нахаянмен кездесіп, әңгімелесті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Бақер Қалибаф ИИР-ның сыртқы саясат саласындағы бірінші басымдылығы көршілерімен қарым-қатынасына тоқталып: «Бұл ретте көршілес елдер, әсіресе Парсы шығанағы елдерімен экономикалық және саяси қарым-қатынастарды дамыту және тұрақты қауіпсіздік орнату өте маңызды",- деді. Қалибаф: " Иран мен БАӘ-нің географиялық орналасуына байланысты біз әлемнің басты экономикалық орталығына айнала аламыз және бұл мүмкіндік екі жақты қарым-қатынастар мен БРИКС мүшелігіне байланысты екі ел арасында бар",- деп баса айтты.
Мұхаммед Бин Заид Әл Нахаян екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына ықпал ететін Иранның БАӘ-ге елшісін жіберуін қолдап және алғыс айтып: "Екі елдің көршілестігі бізді әрқашан қарым-қатынастарды жан-жақты дамыту үшін шешімдер іздеуге итермелейді және бұл сапар бұл мәселеге көбірек мүмкіндік береді",- деді.
Кездесудің соңында Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мұхаммад бен Заид Әл Нахаянға ИИР-ның фармацевтика өнеркәсібі саласындағы екі білімге негізделген өнімін сыйға тартты. БАӘ Президентінің алғысын айтты.