Раиси: Газа оқиғасы АҚШ-тың екіжүзділігін әшкере етті
Жел 11, 2023 17:56 Asia/Almaty
Иран Президенті Газа секторында атысты тоқтату бітімін орнату туралы қарарға вето жарияланғанына өкініш білдіріп, мұны Вашингтонның Палестина халқын қырып-жоюда тікелей рөл ойнап отырғанының делелі деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси үкіметтің жексенбі күнгі жиналысында: "Газа оқиғасы АҚШ-тың екіжүзділігін әшкере етіп, Вашингтон үкіметінің зұлым да антигуманистік келбетін әлемге көрсетті",-деді.
Раиси бүгінде бүкіл әлем халықаралық жүйеде біржақтылықты тоқтату керегін түсінгенін айтып: "Халықтардың оянуы әлемде жағдайдың өзгеруіне себеп болып, біржақтылық жойылып, әлемде көпжақтылыққа негізделген әділетті жүйе орнайтынына үміт береді",-деді.