Иран АҚШ пен Ұлыбританияның Йемен жеріне шабуылдарын айыптады
(last modified Mon, 26 Feb 2024 14:33:49 GMT )
Ақп 26, 2024 20:33 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ пен Ұлыбританияның Йемен жеріне шабуылдарын айыптады

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ пен Ұлыбританияның Йемен жеріне ауқымды әскери шабуылдарын халықаралық заңдар пен принциптерге қайшы, Йеменнің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу деп атады.

АҚШ пен Ұлыбританияның қырғи ұшақтары сенбі күні кешке Йеменнің бірнеше ауданын тағы бомбалады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани жексенбі күні Йеменге шабуылды айыптап: "АҚШ пен Ұлыбритания сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соғыс қылмыстары мен геноцидін жан-жақты қолдап отырғанын тағы да дәлелдеді. Олар халықаралық  бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың орнына басқыншы әрі қылмыскер сионистік режимнің заңсыз мүддесін сақтауға міндеттеме алып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық ақлақтық және гуманитарлық принциптер, халықаралық ережелер мен БҰҰ жарғысын бұзып отыр",-деді.

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ пен Ұлыбритания осындай шабуылдармен аймақта текетірес пен дағдарысты күшейтуді, соғыс пен тұрақсыздықты кеңейтуді, қоғамдық пікірді сионистік режимнің соғыс қылмыстарынан алдарқатуды, геноцид жасады деп айыпталған режимнің соғыс қылмыстарын жалғастыруы үшін мұрсат алуды көздеп отыр",-деді.

Насер Канани: "АҚШ пен Ұлыбритания сионистік режимнің Газада күн сайын жүздеген палестиналықты, соның ішінде әйелдер мен балаларды өлтіріп жатқанынан туындаған тұрақсыздықтың басты себебін жою үшін шұғыл әрекет етудің орнына осы режимнің соғыс қылмыстарын тоқтатуға өзінше талпынып жүрген елге әскери шабуыл жасап жатыр",-деді.

Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі АҚШ пен Ұлыбритания қырғи ұшақтарының шабуылдарынан бірнеше сағат өткеннен кейін: "Аден шығанағында бір америкалық танкерге зымыран атылды",-деп хабарлады.