Maм 06, 2024 21:50 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Бангладеш үкіметі мен халқына Палестина халқын қолдағаны үшін алғыс айтты

Иран Сыртқы істер министрі бангладештік әріптесімен кездесуінде осы елдің үкіметі мен халқына Палестинаны қолдағаны үшін алғыс айтты.

Амир Абдуллахиан сенбі, 4 мамырда Банджулда өткен ислам елдері басшыларының он бесінші саммиты аясында Бангладеш Сыртқы істер министрі Хасан Махмұдпен кездесіп, Теһран-Дакка қарым-қатынасының кеңею барысы, екі елге ортақ тақырыптар, соның ішінде ислам елдері басшылары саммитының күн тәртібі туралы сұхбаттасты.  

Амир Абдуллахиан Бангладеш үкіметі мен халқына Палестина халқын қолдағаны үшін алғыс айтып, мұсылман халықтар мен барша әлем жұртшылығының ортақ талабы ретінде ислам елдері арасында Палестинаны қолдау және сионистік режимнің қылмыстарына қарсы күресуде үйлесімдік пен әріптестік болуы керегін айтты.

Хасан Махмұд ирандық әріптесімен кездескеніне риза екенін айтып, ИИР-дың Палестина халқын қолдауға қатысты принципті ұстанымын құнды әрі мақтауға тұрарлық деп сипаттады.

Бангладеш Сыртқы істер министрі сондай-ақ ислам елдерінің Газада Израильдің қылмыстарын тез арада тоқтату керегін баса айтты.  

 

Тегтер