Maм 06, 2024 22:20 Asia/Almaty
  • Махаббат пен шындық үйден қалаға дейін/ Ислам пайғамбарының адамдарға 5 ақыл-кеңесі

Исламның сүйікті пайғамбары әрдайым Ислам үмбетіне жақсы мінез-құлық, мейірімді болу, тек адамдарға ғана емес, барлық тіршілік иелеріне мейірімді болуды насихаттаған.

Ислам пайғамбарынан (с.ғ.с.) рауаят етілген:  "Мен адамгершілікті кемелдендіру үшін сайландым".

Мұнда біз Пайғамбардың жеке, отбасылық және әлеуметтік өсу мен даму бойынша 5 ахлақ ақыл-кеңесіне назар аударамыз:

1. Өтірік айтпа 

Бір адам Алла Елшісіне (с.ғ.с.): "Дүниенің де, ақыреттің де жақсылығына себеп болатын ахлақ үйретіңіз", деп сұрағанда: «Өтірік айтпа», – деді.

2. Жұмсақ және зиянсыз бол

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) бұл жайында былай дейді: «Жұмсақ және зиянсыз адамдар басқалармен тіл табысады және басқалардың сүйіспеншілігін алады. Олар Алланың ең жақсы құлдарының бірі».

3. Әйелдерді құрметте

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сөзінде, жүріс-тұрысында түрліше қайталанып келген тағылымдарының бірі – әйелдің қадір-қасиеті мен отбасының маңыздылығына сену. Бұл жайында Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді:  «Сендердің ең жақсыларың отбасыңмен болғандар. Олар ізгі және құрметті адамдардан басқа әйелдерді құрметтемеуі керек, сондай-ақ төмен адамдардан басқа әйелдерді қорламауы керек».

4. Туыстар мен көршілермен тіл табыс

Исламның ұлық Пайғамбары хазірет Мұхаммадтан (с.ғ.с.) туыстары мен көршілері туралы рауаят етілген: «Туыстармен тіл табысып, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу қалаларды байытады және өмірді арттырады».

5. Жануарлардың мүмкіндігіне көңіл бөл

Исламның пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) тіршілік иелерінің құқықтарын сақтауға қатысты бұйрықтар мен заңдарды белгілеген. 1400 жыл бұрын бекітілген бұл ережелер Исламның барлық тіршілік иелерінің құқықтарына назар аударғанын көрсетеді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) жануарларға төзімділік пен мейірімділік туралы былай деген: «Жануардың 6 хақысы бар: иесі оған шөп береді, судан өткенде су береді, әділетсіз ұрып-соқпайды, күшінен артық жүк салмайды, шамасы келгеннен артық әрі ұзақ жүргізбейді».

 

 

Тегтер