OpenAI есебі: Израиль жасанды интеллект арқылы Үндістанның қоғамдық пікірін басқарады
(last modified Sat, 01 Jun 2024 12:53:50 GMT )
Маусым 01, 2024 18:53 Asia/Almaty
  • OpenAI есебі: Израиль жасанды интеллект арқылы Үндістанның қоғамдық пікірін басқарады

OpenAI мәліметінше, Израильде орналасқан компания жасанды интеллект арқылы Үндістандағы сайлауда сайлаушылардың пікіріне араласқан.

 

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, осы есеп негізінде израильдіктер жасанды интеллектті (AI) веб-мақалаларды шығару және өңдеу және үнділік әлеуметтік желілерде пікір қалыптастыру үшін пайдаланған.

Бұл мазмұн X, Instagram, Facebook және YouTube сияқты әлеуметтік медиа платформаларында бөлісілді.

OpenAI зерттеуіне сәйкес Израильде орналасқан STOIC өз мазмұнын үнділік партиялар, әсіресе BJP және басқа партиялар арасындағы алшақтықтарды анықтау арқылы жасайды.

Бұл мазмұн Израильге қарсы сыни дауыстарды шектеу және Үндістандағы ішкі дауларды дамыту мақсатында үнділік қоғамдық пікірге бағытталған.

Сондай-ақ бұл израильдік топтың жасырын операциялары Израильдің саясатына жағымсыз қоғамдық пікірді бұрмалап, әртүрлі аймақтардағы саяси нәтижелерге ықпал етуге тырысты.

OpenAI мәліметтері бойынша, бұл израильдік актерлар үнді халқын олардың кім екендігі немесе қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетіні туралы алдауға тырысқан.

Бұл Израиль ықпалының әрекеттерінің бірі киберкеңістіктегі кейбір үнділік пайдаланушылардың пікірлерін мадақтау және оларды ынталандыру, содан кейін басқа үнділік пайдаланушыларға шабуыл жасау болды.

Бұл ірі израильдік контент өндіру тобының жасанды интеллект арқылы индустар мен мұсылмандар арасында айырмашылықтар тудыруда қаншалықты рөл атқарғаны туралы толығырақ мәліметтер әлі жарияланған жоқ.

Раджив Чандрасехар, Электроника және технология министрі баяндамадағы әшкерелерге реакцмя білдіріп, былай деді: «BJP инфильтрация, жалған ақпарат және араласу операцияларының нысанасы болған және болып қала беретіні анық». Ол израильдіктердің бұл әрекетін Үндістан демократиясына қауіп төндіретін қатер деп атап: «Олардың мүдделері бұған жетелейді және оны мұқият зерттеп, әшкерелеу керек",- деді.

 

 

Тегтер