Иранның жас волейболшылары сегізінші рет Азия чемпионы атанды
Иранның ұлттық волейбол командасы Азия чемпионатының ақтық сынында Оңтүстік Корея командасынан басып түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.
20 жасқа дейінгілер арасында волейболдан Азия чемпионаты Индонезияның Сурабая қаласында 8 күн бойы өтті.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның ұлттық волейбол командасы жарыста үздіксіз 6 жеңіске жетіп, финалда Оңтүстік Корея командасымен ойнап, оны 3:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Ғұламреза Мумени Мұқаддамның шәкірттері ақтық ойында 25:12, 25:18 және 25:22 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейінгі екі кезеңде де Иран командасы жеңімпаз атанған болатын.
Азия чемпионатында Жапония мен Индонезия командалары бір-бірімен ойнап, Жапония 3:1 есебімен жеңіп, үшінші орын алды.
Иранның ұлттық волейбол командасы биыл он сегізінші рет осы жарысқа қатысып отыр. Ирандық спортшылар 17 ойын барысында 12 медаль, соның ішінде 7 алтын, 3 күміс және 2 қола алды. Биылғы жеңіспен 22-ші кубок Теһранға келеді. Бұл – осы жас санатындағы волейболдан Азия чемпионатындағы Иранның сегізінші кубогы.