Ақп 25, 2016 10:55 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясы жетекшісінің Батыс жастарына арнаған екінші хатын сараптау

Париждегі лаңкестік оқиға мен оның әлемде кең көрініс табуы Ислам Революциясының жетекшісін тағы да Батыс жастарына арнап екінші маңызды хатын жазуға мәжбүрледі.

 Хазірет аятолла Хаменеи өзінің екінші хатында Батыстағы лаңестіктің себептері мен тамырларын талқылап, асығыс реакция танытуды лаңкестікпен күресудегі ең үлкен қателік деп атады. Хазірет Еуропа мен АҚШ-тың мұсылмандар қоғамдарындағы алшақтықтардың көбеюі, оқшаулану, қорқыныш пен үрей, Еуропа мен АҚШ мұсылмандарын басты құқықтарынан айыру, үстірт шаралардың заңдастырылуымен полюске бөлінушіліктің артуынан кейін болашақ дағдарыстарға жолдың ашылуын асығыс реакциялардың жағымсыз салдарлары ретінде атап былай дейді: «Лаңкестікпен күрестегі үлкен қателік – алшақтықты одан ары арттыратын асығыс реакция. Асығыстықпен жасалған кез-келген әрекет Еуропа мен АҚШ-та тұратын миллиондаған мұсылмандадың қоғамын оқшаулап немесе үрей мен алаңдаушылыққа ұшыратып, оларды бұрынғыдан көбірек негізгі құқықтарынан айырып, қоғамдық сахнадан шетке ысырып, мәселені шешпек түгілі арақашықтықты алыстатып, шиеліністі арттырады. Асығыс, үстірт шаралар мен реакциялар егер заңдық күшке ие болса, қазіргі полюске бөлінушілікті арттырып, басқа дағдарыстарға жол ашқаннан басқа нәтиже бермейді». 

Өкінішке орай, соңғы жылдары батыс елдеріндегі мұсылмандарға қатысты көптеген кемсітушілік пен әділетсіз қатынас жасау жайттары мен заңдар туралы есептер жарияланды. 11 қыркүйек күнгі оқиғадан кейін оңшыл саясаткерлер, мәсихилер мен әсірешіл яһудилер, мұсылмандардың көші-қонына қарсы саяси партиялар, сондай-ақ, кейбір ақпарат құралдары сөз еркіндігі қағидасын жамылып, соғысқұмар мұсылман азшылығының іс-әрекеттерін басқа мұсылмандармен байланыстыру арқылы саяси және діни экстремизм және исламнан үркіту ағымының жылдам таралуына жағдай жасады.

Шын мәнінде 11 қыркүйек оқиғасы батыстық билеушілерге Батыс елдерінде исламнан үркіту және исламмен жауласу толқынын тудыру үшін сылтау болды. Осы арада Батыстың кино индустриясы мен ірі ақпарат құралдары да батыс қоғамы мен әлем елдерінің санасында «Ислам – қатыгездік пен лаңкестікті таратушы дін» деген ой тудыру үшін жұмылды. Содан кейін көптеген әлем елдерінде мұсылман экономикалық, қоғамдық, мәдени, саяси және әскери дағдарыстарға кінәлі алғашқы тарап болып танылды. Осы жобаланған ағым мұсылман мигранттардың секулярлық елдерде екінші қатардағы азаматтар саналып, олардың адамның алғашқы құқықтарынан кенде қалуына себеп болды.

Бұл Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық құжаттың 20-бабының 2-тарауына сәйкес нәсілдік, қауымдық және діни жеккөрініш сезімін тудыруға тыйым салынған жағдайда орын алды. Осы бапта былай деп жазылған: «Ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни өшпендiлiкке соқтыратын, кемсiтуге, араздыққа немесе зорлық-зомбылыққа арандатушылық болып табылатын кез келген үгiт жүргiзуге заң тұрғысынан тыйым салынуы тиiс».

Азаттық, демократия мен адам құқығын насихаттаушы елдерде діндердің, әсіресе, Ислам діні ізбасарларының дін еркіндігінің жүйелі түрде бұзылуы халықаралық сахнадағы ойландыратын мәселе болып табылады. Pew зерттеу орталығы 2015 жылғы есебінде мұсылмандар санының артып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл орталықтың болжамына сәйкес, 2050 жылға дейін мұсылмандар Америка Құрама штаттарындағы екінші үлкен діни топқа айналады. Сондай-ақ, Еуропадағы мұсылман қоғамы 2010 жылы 43 миллион адамды құрап, өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артқан. Аталмыш орталық 2050 жылы Еуропа халқының 10 пайыздан астамын, яғни 71 миллион адамын мұсылмандар құрайтын болады деген болжап айтты. Осы статистика Еуропада қоныстанған мұсылмандарға қарсы кемсітушіліктер олардың білім алу, жұмыс істеу және жақсырақ өмір сүру мүмкіндіктерінен діндеріне байланысты кенде қалуына себеп болып отырған жағдайда жарияланып отыр.

Батыс елдерінде исламнан үркіту ағымының өрістеуі мұсылмандарға қарсы фанатизм мен кемсітушіліктің артуына себеп болды. Gallup қоғамдық пікір институтының 2015 жылғы есебіне сәйкес, батыс елдеріндегі көптеген мұсылмандар өздеріне құрмет көрсетілмейтінін айтқан. Сонымен қатар америкалықтардың 54 пайызы мен канадалықтардың 48 пайызы да батыс елдерінде мұсылмандарға қатысты құрмет көрсетілмейтінін мәлімдеді. Осы сауалнамаға сүйенсек, мұсылмандардың 80 пайызы батыс елдерінде Құран мен басқа діни белгілерге құрметсіздік көрсетілмеуді сұрап отыр. Сондай-ақ, мұсылмандардың 60 пайызы батыс елдерінде мұсылмандармен тең қатынас жасауды сұрады.

Осы есепке сәйкес, Франция мен Ұлыбритания елдерінде мұсылмандармен құрметке негізделген қатынас жасаудың мөлшері азайған. БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық келісім жөніндегі адам құқығы комитеті 2015 жылы өзінің 7-ші кезеңдік есебін жариялап, Ұлыбританияда нәсілдік кемсітушілік пен бөгделерден үрку сезімінің ауқымды түрде таралғанына тоқталып: «Бұл комитет осы елдің ақпарат құралдары мен интернеттік сайттарында нәсілдік кемсітушілік пен бөгделерден үркіту сезімінің ауқымды түрде таралуына, сондай-ақ, мұсылмандар мен африкалықтарға қарсы жеккөрініш сезіміне толы кітаптар мен мақалалардың жариялануына қатысты алаңдаушылығын білдіреді» деді.

The Independent газеті 2015 жылы жариялаған мақалаларының бірінде Ұлыбританияның мұсылман оқушыларының күн сайын сыныптастары тарапынан жәбірленетінін және осы ел үкіметінің аталмыш мәселені шешуде сәтсіздікке ұшырап отырғанын мойындады. Осы мақалада мұсылман оқушыларға Ұлыбритания мектептерінде тіл тигізіліп, олардың физикалық шабуылдарға ұшырайтыны айтылған.

2015 жылы Еуропада әсірешіл топтардың шабуылдары, өртеу әрекеттері мен мектептер, мешіттер мен исламдық орталықтарды, қабірлерді қиратуы, тіпті мұсылман азаматтарға қарсы шабуылдары туралы көптеген мәлімет жарияланды. Статистика көрсеткендей, исламнан үркіту ағымы көптеген еуропалықтардың мұсылмандарға қатысты жағымсыз көзқарасқа ие болуына себеп болған. Жасалған зерттеулердің нәтижесінде Франция, Германия мен Ұлыбритания халқының 16-21 пайызының өз көршілерінің мұсылмандар болғанына наразы екені белгілі болды.

Франциядағы Исламнан үркітуге қарсы ассоциация да бір мәлімдемесінде 2015 жылдың бірінші жартысында Ислам мен мұсылмандарға қарсы іс-әрекеттердің 2014 жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 5,23 пайызға артқанын мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, осы уақыт аралығында бәрінен бұрын мұсылмандарды қорлау, физикалық шабуыл жасау және құрметсіздік көрсету әрекеттері артқан.

Еуропада Исламмен жауласу әрекеттерінің артуымен бір мезгілде АҚШ-та да бұл үдеріс өрістеп келеді. The Economist басылымы YouGov ұйымының әріптестігімен жасаған сауалнамасында АҚШ-тағы мұсылмандардың 73 пайызының кемсітушілікпен бетпе-бет келетінін анықтаған.

Сонымен қатар, Адам құқығын бақылау ұйымы мен Колумбия университетінің адам құқығы ұйымы АҚШ-тағы «Бізгек» (Жало) операциясы туралы есеп жариялады. «Бізгек» операциясы – АҚШ-тағы лаңкестікке қарсы қауіпсіздік шаралардың атауы. Бұл есепте Әділет министрлігі мен Федералды зерттеу бюросының лаңкестікпен күрес дегенді желеу етіп, мұсылмандардың діни болмысымен күрескені айтылған. Бұл 24 беттік есеп «Құрама штаттарындағы лаңкестік жөніндегі соттардағы адам құқығын бұзушылық пен әділет елесі» деген тақырыппен жарияланып, онда федералды полиция тергеп жатқан 27 лаңкестік іс талқыланған. Аталмыш есеп Адам құқығын бақылау ұйымының Вашингтондағы басқармасына сілтеме жасап, бұл адамдардың көбісінің ешуақытта қылмыс жасамағанын жариялады. Осылайша Құрама Штаттарындағы лаңкестікпен күрес амалдарының адамдармен діні және тайпасына қарап қатынас орнатудың салдары болып табылатын бір гуманитарлық түйткілдің тудырғаны туралы нәтиже шығарылды.

Басқа жақтан, Gallup жасаған зерттеулер америкалық әсірешіл мұсылмандардың лаңкестік әрекеттері жыл сайын АҚШ-та орын алатын қатыгездік әрекеттердің тек бір пайызын ғана құрайтынын көрсеткен. Осы есепке сәйкес, әсірешіл мұсылмандар жасаған лаңкестік әрекеттер АҚШ-тағы басқа қатыгездік шабуылдарға қарағанда ақпарат құралдарынан көбірек көрініс табады.

Адамдарды өлтіру және жаппай қырып-жою – жағымсыз әрі жаман әрекет. Аспандық діндердің ешбіреуі адамды өлтіруге рұқсат бермейді. Ислам діні де бір бейкүнә адамды өлтіруді бүкіл адамзатты өлтірумен тең санайды. Осындай діннің өздерін Исламмен байланыстыратын лаңкестердің әрекеттерін қабылдамайтындығы шәксіз.

Террор мен адам өлтіру жағымсыз әрекет болса, мұсылман мен мұсылман емес лаңкестерді бөліп-жарып қарауға болмайды. Бірақ АҚШ-тың іс-әрекеті бұған қайшы келеді. 2015 жылдың ақпан айында Солтүстік Каролина штатында бір нәсілшіл әрі әсірешіл адам үш мұсылман студентке оқ атып, оларды өлтірген кезде америкалық басшылар бір нәрсе айтты ма? Бірақ ИСИМ лаңкестік тобын қолдайтын екі агрессор Калифорния штатының Сен-Бернардино аймағындағы бір мүгедектер үйіне шабуыл жасағаннан кейін Дональлд Трамп бір мәлімдемеде мұсылмандардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салуды талап етіп: «Елімізді парасаттылық пен адамзат өміріне құрмет көрсетуді білмейтін адамдардың қорқынышты шабуылдарының құрбаны ете алмаймыз» деді.

Иранның діни жетекшісі Батыстағы мұсылмандарға қарсы кемсітушілік және өшпенділік әрекеттерге өкініш білдіріп былай деді: «Қолда бар мәліметтер бойынша, кейбір еуропалық елдерде азаматтарды мұсылмандарға қарсы тыңшылық жасауға мәжбүрлейтін ережелер бар. Бұл әділетсіз қатынас. Зұлымдық пен әділетсіздіктің қаласын, қаламасын жасаған адамға қайтып оралатын қасиетке ие екенін барлығымыз білеміз. Ал мұсылмандар мұндай шүкірсіздікке лайық емес. Батыс әлемінің мұсылмандарды жақсы танып қалғанына ғасырлар болды. Батыстықтар ислам жерінде қонақ болып, жер иесінің байлығына көз тіккен күні де, мұсылмандарды қабылдап, олардың еңбегі мен ойын пайдаланған күні де көбінесе мейірім мен сабырдан өзге ештеңе көрген жоқ».


Тегтер