Ислам әлеміндегі бірлік 23
Мұсылмандардың бұрынғы ғиззаты мен айбындылығын өздеріне қайтара алатын ислам әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығына себеп болатын құралдарға тоқталамыз.
Осыдан бұрын пайғамбар мен қыбланың бір болуы, Құранның өзгерістерден қорғалуына сенім арту сынды исламдық ортақ құндылықтардың исламдық елдердің бірлігінің негіздері бола алатындығы туралы айттық. Исламдық елдердің арасындағы бірлік пен тілеулестіктерсіз аталмыш ортақ негіздерге сүйену мүмкін болмайды. Экономикалық және саяси мүдделер елдер арасындағы бірліктің мықты негіздері бола алмайды. Өйткені экономика мен саясатта тұрақты дос пен дұшпан болмайды. Жағдайдың өзгеруіне қарай одақтастар мен дұшпандар және бәскелестер де өзгереді. Сондықтан ислам әлемінің бірлігі ерекше негізге сүйенуі керек. Алайда Ислам дінінің сахнада пайда болуынан бергі 14 ғасыр бойы әрқашан мұндай ортақ негіздің болғаны туралы ұмытуға болмайды. Әрине тарихи кеезңдердің көбінде бұл негіз бірлік пен интеграцияға жеткізбеді. Уақыт өте келе исламдық елдердің арасындағы қайшылықтар көбейді. Расында исламдық елдердің арасындағы бірлік пен ынтымақастық ортақ ерекше құндылықтар мен негіздерге сүйенуі тиіс, бірақ ислам әлеміндегі іріткілер мен қайшылықтар елдердің ұлттық, экономикалық және саяси мүдделерінен тамырланады. Сондықтан бүгінгі жағдайда бірлікке жеткіміз келсе, іріткі салып, қайшылықтар тудыратын мәселелерді анықтап, ислам әлемінің бірлігіне жетуді мақсат етуіміз керек. Ислам әлемінің өзгерістері, шарықтаулары мен құлдырауларына жасаған шолу бірліктің факторларының арасында саяси және экономикалық факторлардың, атап айтқанда ортақ дұшпан, яғни Израильге қарсы болу мен ортақ экономикалық мүдделер ислам әлемінің интеграциясына және дамуына себеп бола алатынын көрсетеді. Бүгінгі бағдарламада Палестина мәселесін ислам әлеміндегі интеграцияға себеп болатын ислам әлемінің ең маңызды мәселесі ретінде қарастыруға талпыныс жасаймыз. Өйткені Израильдің Ислам діні мен исламдық елдерге деген дұшпандығы теріске шығарылмайтын мәселе. Сонымен бірге палестиналықтардың құқықтарын қайтару және Израильдің артық талап етушілігіне қарсы тұру барлық ислам елдерінің ең маңызды талаптарының бірі саналады. Осыған орай исламдық елдердің барлығының осы мәселеге назар аударуы бұл режимнің негіздерін құлдыратып, исламдық елдердің бірлігіне жағдай жасай алады. Исламдық елдердің Палестина мәселесіне қатысты бірігуінің исламдық үмбеттің нығаюына және керісінше қасиетті Құдсты босату мен Израильдің қылмыстарына көңіл бөлмеудің мұсылмандардың арасында қайшылықтар тудырғанына көптеген тарихи мысалдар бар. Енді солардың кейбіреуіне тоқталамыз. Саяси сараптамаларда ішкі бірлік пен татуластықтың факторларының бірі ретінде дұшпанның болуы қарастырылған. Басқаша айтқанда, бір елдің мәдени және саяси тұрғыларынан өзгеше ортақ дұшпан саналатын бөгде күштер елдің бірлігіне себеп болады. Үкімет басындағылардың көбі бұл мәселеден хабардар болып, өз елінің ішінде бірлікке жету үшін өздері үшін дұшпан ойлап шығаруға әрекет жасайды. Шекаралас елдерді шабуыл жасауға түрткілеп, соғыс ашу кейбір үкіметтердің тәсілдері болып табылады. Олар қарсылықтар мен ішкі әртүрлі топтардың арасында іріткі туудан қашу үшін көршілерін түрткілеп, олардың реакцияларын ішкі бірлікті нығайтуға пайдаланады. Мәселен, Кеңес Одағы ыдырағаннан және қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ қырғи-қабақ соғысы кезінде коммунизмді бөгде деп жариялап, капиталистік әлемде бірлік орнатып, оны өзі басқарып, әлемнің әртүрлі аймақтарында өзінің мақсаттары мен мүдделеріне жетпек болды. Шығыс блогының ыдырауымен АҚШ дұшпаннан айырылып, кеңес Одағы мен оның коммунистік идеологиясының орнына альтернатива табуды ойластырды. Өйткені ортақ дұшпанның болуы ішкі бірлікті арттырады. Егер Исламдық ынтымақтастық ұйымының құрылуын ислам әлеміндегі интеграцияның маңызды факторы деп білетін болсақ, Палестина мәселесі бұл ұйымның құрылуына маңызды әсер етті деп айтуға болады. Негізінде Исламдық ынтымақтастық ұйымының құрылуына 1969-шы жылы мұсылмандардың бірінші қыбыласы саналатын әл-Ақса мешітіндегі өрт себеп болды. Ырымшыл еврей жасаған бұл қылмыс дүниежүзіндегі мұсылман халықтардың ызасын тудырып, үкімет басындағылардың халық наразылықтарына оң жауап беруіне себеп болып, мұсылмандардың ашуын әлемдіктерге жеткізді. Сауд Арабиясы мен Марокко саммиттің өтуіне басқалардан көп талпыныс жасаған елдер болды. Басқосу 1969-ші жылдың қыркүйегінде өтті. Исламдық 20 елдің басшысы қатысқан бұл отырыста үш негізгі мәселе, атап айтқанда әл-Ақса мешітіндегі өрт, Израильдің араб жерлерін басып-алуы мен Бейт әл-Мұқаддас қаласының жағдайы талқыға салынды. Исламдық ынтымақтастық ұйымының бірінші саммитінде исламдық негіздерге сүйенген исламдық үкіметтердің тілеулестігін нығайту қуатталумен бірге БҰҰ-ның жарлығы мен Адам құқығы конвенциясына табанды болу және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау саласында ынтымақтастықтарды кеңейтуге талпыныс жасайтындығы жарияланып, әл-Ақса мешітінің өртену оқиғасына наразылық білдірілді. Аталмыш отырысқа қатысқан 25 елдің басшысы Бейт әл-Мұқаддасты 1967-ші жылдың маусымына дейінгі жағдайға қайтаруды қуаттап, барлық мемлекеттерден, әсіресе Франция, Ұлыбритания, Кеңес Одағы мен АҚШ-тан исламдық үкіметтердің осы қаланы азат ету шешімі мен барлық мұсылмандардың бұл қалаға деген ерекше сезімімен санасуды талап етті. Сондай-ақ: «1967-ші жылдың маусымынан бергі Израиль режимінің араб жерлерін әскери жаулап алуының жалғасуы исламдық халықтар мен үкіметтердің алаңдаушылықтарын арттырды. Саммитке қатыстқан исламдық елдердің басшылары Палестина халқы мен олардың құқықтары мен азаттығын қайтару мақсатын қолдайтындықтарын жариялады. Палестина әрқашан Исламдық ынтымақтастық ұйымының шара қолданатын негізгі мәселелерінің бірі болып, аталмыш ұйым жылдар бойы Палестина халқының күресін сан рет қолдады. Сыртқы істер министрлердің 7-ші бақосуында Құдс қорының, 1975-ші жылы Құдс комитетінің, Израильге санкция салу туралы исламдық бюроның құрылуы және тағы да басқа осындай жұмыстары аталмыш ұйымының іс жүзіндегі әрекеттеріне жатады. ИИР бұл ұйымның басшылығы міндетін атқарған кезде қолына түскен мүмкіндікті исламдық үмбеттің бірлігін нығайту үшін пайдаланды. Бұл кезеңде Израильдің билікқұмар, басып-жаншушы әрі лаңкестік әрекеттерін қатты айыптады. Сондай-ақ Израиль бұл кезеңде қайтадан қалашықтар құрылысын жалғастыру саясатын алға ілгерілетіп, бұл мәселе ислам әлемі деңгейіндегі алаңдаушылықтарға себеп болды. Теһран белсенді дипломатия жүргізіп, исламдық елдердің мүмкіндіктерін Израильмен қарсыласу үшін пайдаланды. ИИР өз басшы болған кезеңде Израильдің адамгершілікке жат әрекеттерін бұрынғыдан көбірек әлемдіктерге таныстыруға талпыныс жасап, бұл режимді қатты қысымға алып, ислам әлеміндегі бірлік пен Исламдық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің интеграциясы үшін жақсы жағдай тудырды.