Қар 15, 2016 07:45 Asia/Almaty
  • Арбағин – ғашық жүректердің сапары

Бұл жерде кеңейіп, мейірімділікке толатын жүрек сынды ой-өрісің де кеңейеді. Бұл кезде сенің жүрегіңе имам Хусейн (ғ.с.)-ға ғашық барлық адамдар сыйып кететін сынды. Енді түсіңнің ақ немесе қара болуы, тілің мен ұлтыңның түрлілігі маңызды емес. Барлық зияратшыларды себепсіз жақсы көріп, оларға махаббатыңды білдіргің келеді. Қаншалықты нұрландың зияратшы, біртіндеп имам Хусейн (ғ.с.)-ға ұқсап келесің.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің қырқы – «арбағин» күні қайтадан келіп, Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның ғашықтары өз имамымен кездесуге асығады.

Наджаф пен  Кербаланың арасындағы жол жыл сайын Кербалаға жаяу сапарға шығатын Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның ғашықтары үшін ерекше көңіл күйге ие болады. Зияратшылар жеңіл қоржындарын алып, қарапайым аяқ киімдерін киіп, азғантай азықтарын алып, Наджаф қаласынан ғашықтар жолына аяқтарын басады. Олар жолдың басынан материалдық өмір туралы ойлау мен оңайлықты өздерінен алыстатып, алға бет алады. Олардың жүректері имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне жетіп, қолдары хазіреттің қасиетті кесенесін ұстауға асығады.

Имам Хусейн (ғ.с.) кесенесінің күмбезі

Уа, Хусейн! Шаршап-шалдыққандығына  қарамастан жүрегін өзіңнің қасында тыныштандыру үшін «арбағин» күні қасыңа жеткен хазірет Зейнаб сынды зияратшылар да өзіңе жетуге асығуда.

Уа, Хусейн! Махаббаттың магнит толқыны жылдар бойы ғашықтарды жаяу сапарға шығуға жігерлендірді.  Біздің жүректеріміз де өзіңнің кесенеңе қарай бұрылуда. Сондықтан мейірімді жүрегіңмен біздің жүректерімізді нұрыңмен толтырып, тыныштықты нәсіп ете гөр!

 Бүкіл әлемді өзіне ғашық еткен Хусейн деген кім? Барлық көбелектерді айналасына жинаған бұл қандай шам?

Арбағин күні имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне жаяу жетіп, зиярат жасаудың тарихи тамыры бар. Джабер бен Абдолла Ансари қызметшісі Атиемен бірге хиджри қамаридің 61-ші жылы Мәдинеден жаяу шығып, имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған күнінің бірінші қырқы-«арбағинінде» Кербалаға жеткен болатын.

Тарихи кітаптардағы мәліметтер бойынша  имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктері шәһид болғаннан кейінгі алғашқы жылдары  олардың зиярат ету кеңінен таралып, бұл іс Амавилердің зұлымдығы мен күпірлігін әшкрелеуге  үлкен әсерін тигізді. Осыған орай үкімет басындағылардың зияратшылардың алдын алудан басқа еш шарасы қалмаған. Бірақ мүміндердің  жүректеріндегі имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббат пен имам Бақер (ғ.с.) мен имам Садық (ғ.с.)-ның зиярат жасауға  жігерлендіруі оларға қатты әсер етіп, шиіттер түн жамылып зиярат етуге баратын. Кейде олар үкімет басындағылардың қолына түсіп, қатты жазаланатын. Аббасилер кезінде бұл қу залымдар  өз үкіметтерінің негіздерін күшейткен соң имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесін қиратуды бұйырды.

Ирактың диктаторы Саддам үкіметінің соңына дейін жалғасқан зорлық-зомбылықтар, қамау мен қатыгездіктерге қарамастан имам Хусейн (ғ.с.)-ның ғашықтары күн сайын хазіреттің қасиетті кесенесіне зиярат жасауын тоқтатпады. Сондықтан зиярат жасау еш уақытта тоқтамай, көңіл-күй мен шындықтың жолдауы болып, күпіршілікке қарсылықты білдірді.  Қазіргі кезде «арбағин» күніне арналған жаяу жүру әлемдег ең үлкен жиын саналады.

Имам Хусейн (ғ.с.)-нің "арбағин" кезіндегі шеру

Бұл үлкен жиыннан жанұясымен бірге келген сәбиді және жолдың қиындығына қарамастан ерекше-көңіл күймен жолға шыққан қарттарды да көруге болады. Жолдың жиегінде Кербалға дейін қанша шақырым қалғаны  жазылған тақтайшалар қағылған тіреулер орналасқан. Мұндай әр тіреуден өткен сайын имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне жақындағаныңды сезіп, тек бірнеше тірек қалды деп қуанасың.

Бұл жазуы бар тіректермен бірге жолдың жиегінен көптеген шатырларды да көруге болады. Ирактықтар қолдарында барын зияратшылардан аямайды. Олар қойларын құрбандыққа шалып, тамақ пісіреді, суы мен шайын ұсынып, жататын жыл жер дайындайды.

Жол бойында зияратшыларға шәй-тамақ ұсынылады

Отбасының иесі жыл бойы ақшасының бір  бөлімін жеке жинап, «арбағин» кезінде жұмсайтынын айтып: «Имам Хусейн (ғ.с.) үшін бір ақшамның бір бөлігін жұмсау туралы шешім қабылдағанымнан бері өміріме ерекше береке келді. Мендегі барлық нәрсе имам Хусейн (ғ.с.)-ның арқасында»,- деді.

 Бұл халықтың имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ол үшін осындай сапарға шығып, барлық нәрсені жақыннан көру керек. Адамдар   зияратшылардан өздерінің шатырларына кіріп, демалуды сұрайды.Әрбір жерде Қызыл Жарты ай қоғамының шатырлары  орналасып, тегін дәрі-дәрмек және еммен көмектеседі. Кейбіреулер зияратшылардың аяқ киімдерін  тазалайды.

 Алайда ең қызық істердің бірі ирактықтардың зияратшылардың аяқтарына  массаж жасауы болып табылады. Олар бір мейірімді медбике сынды саған аяқтарыңның шаршағанын ұмыттырады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның зияратшысы болу сені қандай жоғарылатты, барша саған қызмет еткісі келеді. Осыншама мейірім мен махаббаттан  зияратшы қысылады.

 Баласын мүгедектердің арбасына отырғызған адам  көзі жасқа толып айналасына қарап, имам Хусейн (ғ.с.) мен хазірет Аббастан науқас баласының жазылуын сұрайды.

Карен Фарби – осы жиынды көру үшін Кербалаға келген христиан бойжеткен. Ол бұл жерде қалыптасқан ерекше көңіл-күй туралы айтып, христиандарда мұндай қоғамдық жиынның жоқ екендігіне өкінеді. Ол туған жері Бельгияда басқаларға көрсету  үшін әртүрлі суреттер түсірді.

Бұл жиналған жамағаттың арасынан Еуропа, Африка, Индонезия мен басқа да елдерден келген жаңадан мұсылман болған адамдарды кездестіруге болады. Олар имам Хусейн (ғ.с.)-ға ғашық болғандықтан осы рәсімге қатысуға келген.

Ирандық діни қызметкер Әлиреза Панахиан: «Адам «арбағин» күні  өзі Кербалаға барып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның ғашықтарымен бірге Кербалаға қарай жаяу жүрмейінше оның айбындылығы мен ерекшелігін түсінбейді,  жүректе пайда болатын жылуды сезебейді»,- дейді.

Арбағин шеруіне әртүрлі халықтар қатысады

 Бұл жерде өзіңді жаңадан танығандай боласың. Жамағатқа қосылып, ойың жоғарылайды. Өзіңнен бұл жолға неге шыққаныңды сұрайсың: сен де Куфе халқы сынды қажет кезде шындыққа қарсы боласың ба, имам Хусейн (ғ.с.) және хазірет Аббаспен жасаған келісімің шындық па? Сөйтіп ойға батасың. Бұл жерде кеңейіп, мейірімділікке толатын  жүрек сынды ой-өрісің де кеңейеді. Бұл кезде сенің жүрегіңе имам Хусейн (ғ.с.)-ға ғашық барлық адамдар сыйып кететін сынды. Енді түсіңнің ақ немесе қара болуы, тілің мен ұлтыңның түрлілігі маңызды емес. Барлық зияратшыларды себепсіз жақсы көріп, оларға махаббатыңды білдіргің келеді. Қаншалықты нұрландың зияратшы, біртіндеп имам Хусейн (ғ.с.)-ға ұқсап келесің.

   Қасиетті кесенеге дейін жаяу жүру

 Имам Садық (ғ.с.): «Имам Хусейн (ғ.с.)-ға зиярат ету мақсатында үйінен шыққан адамға Алла Тағала көмектесіп,  оның әр қадамы үшін бір жақсылықты тіркеп, бір жамандықты өшіреді. Сонымен бірге қасиетті кесенеге жеткен кезде оны адал адамдардың қатарына енгізеді. Рәсімді аяқтап,  қайтқысы келген кезде илаһи періште алдыңа келіп: «Алланың елшісі «Өз ғамалдарынды басынан баста, өткен күнәларың кешірілді» деген хабарды жеткізеді»,- дейді.