Maм 27, 2017 18:01 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 2

Қасиетті рамазан айы – Құран жіберілген ай. Бұл қасиетті кітап иман келтіргендерге осы айда ораза тұтуды бұйырады. Қасиетті рамазан айының екінші күні ғибадаттарыңыз қабыл болсын деп тілейміз.

 Осы бірнеше жыл рамазан айы жаз айларына түсіп, кейбір исламдық елдерде мұсылмандар күннің қатты ыстығына қарамастан ораза тұтуда. Дүниежүзі мұсылмандары рамазан айының ғибадаттарын атқарып жатқан кезде ислам әлемінің кейбір географиялық аймақтары ауыр жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Өкінішке орай, Йемен, Сирия, Ирак және Палестина  халықтары рамазан айында ауыр жағдайды бастан өткеруде. Олар соғыс, қырып-жою, аштық, азық-түлік тапшылығы, құрғақшылық және тағы да басқа жантүршіктірерлік оқиғаларға душар болуда. Таяу Шығыс аймағындағы қақтығыстардың жалғасуы және лаңкестік топтардың әрекеттері мен аймақ дағдарыстарын шешудегі халықаралық іс-қимылдардың нәтижеге жетпеуі соғысқа шырмалған аймақтардың халықтарын рамазан айында қиындықтармен бетпе-бет келтірді. Олардың бұл жағдайын көп адам түсінбейді. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұсылмандар ауызашарға қажет тамақтарын сатып алу үшін базарларға барады. Бірақ, соғыс оты шарпыған аймақтардың тұрғындары үшін ауызашарға қажет азық-түлікпен өздерін қамтамасыз ету қиын шаруа.

Соғыстың куәсі болып отырған Сириядағы ауызашар

 Таяу Шығыс аймағы куә болып отырған ең үлкен қиындықтардың бірі – Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтардың құзыры. Сирия мұсылмандарының соғыс өртімен бетпе-бет келіп отырғанына шамамен алты жыл болды. Лаңкестік топтар қасиетті рамазан айын құрметтемейді. БҰҰ өз мәлімдемесінде Сирияның мыңдаған халқының соғыс аймақтарындағы азық-түлік тапшылығы және шекаралас елдердегі панажайлардағы қиындықтары туралы баяндады. Мұсылман мигранттар, әсіресе еуропалық мемлекеттердегі, соның ішінде Грекиядағы панажайларда ораза тұту үшін көптеген ауырпалықтармен кезігіп отыр. Осы айдағы діни парыздарын орындау олар үшін оңай емес.

Йеменде де ораза тұтушы мұсылмандар көптеген қиындықтармен бетпе-бет келуде. Саудиялық әскери ұшақтардың қорқынышты шабуылдарының салдарынан Йеменнің көптеген аймақтарында ауыз су, азық-түлік тапшылығы басталып, киім қат дүниеге айналды. Кейбір аймақтарда электр қуаты да жоқ. Құқықтық ұйымдардың көбі бұл елде өмір сүрудің ауыртпалығын қуаттады. Йеменнің 14 миллионнан астам халқы соғыс салдарынан азық-түлік тапшылығына ұшырады.

Йемендіктердің рамазан айындағы ауызашары

Әлем мұсылмандары биыл рамазан айындағы оразаларын Газа секторының 1 800 000-дан астам тұрғыны қоршауда қалып, нашар жағдаймен кезігіп отырған уақытта тұтады. Газа халқы Израильдің санкцияларының салдарларынан көптеген тапшылықпен бетпе-бет келіп, нашар жағдайларда өмір сүруде. Газа халқы үшін  рамазан айында азық-түлік сатып алу қатты қиындап, қаржы тапшылығынан ең арзан деген азық-түлікті аз мөлшерде сатып алады. Газа мен Йордан өзінінің батыс жағалауындағы мұсылмандар көбінесе рамазан айында сионистік режимнің әртүрлі шабуылдарымен де бетпе-бет келеді. Адам құқығы органдары сан рет рамазан айында Палестина халқына шабуыл жасамауды талап еткенімен, сионистік режим зұлым әрекеттерін жалғастыруда. Соғыс өрті шарпыған аймақтардағы мазлұм мұсылмандарға жанашырлық білдіргенімізбен, олардың қиындықтарының барлығын айтуға сия мен қаламның жетпейтінін мойындауымыз керек.

Ғазедегі рамазан

                               ********************************************************************* 

«Бақара» сүресі, 184-ші аяты:

" ایَّامًا مَعْدُودَاتٍ فَمَنْ کَانَ مِنْکُمْ مَرِیضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَیَّامٍ أُخَرَ وَعَلَى الَّذِینَ یُطِیقُونَهُ فِدْیَةٌ طَعَامُ مِسْکِینٍ فَمَنْ تَطَوَّعَ خَیْرًا فَهُوَ خَیْرٌ لَهُ وَأَنْ تَصُومُوا خَیْرٌ لَکُمْ إِنْ کُنْتُمْ تَعْلَمُونَ."

«Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы. (Мұндай ораза ауыр келетін кәрі, ауру не екіқабат, омырауда баласы болған әйелдер оразаның орнына күніне бір фітір садақасын беруіне болады.) Білсеңдер, сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы».

Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 183-ші аятында оразаның философиясы туралы айтқаннан кейін оразаның қиындығын азайту үшін 184-ші аятта тағы бірнеше бұйрық шығарды. Яғни, Алланың мүміндерге уәжіп еткен оразаның қиын емес екенін түсіндіріп: «Жыл бойы немесе жылдың күндерінің көбін емес тек санаулы күндерін ораза тұтыңдар» деген. Сонымен бірге Алла Тағала бұл аятта оразаның  уәжіп екенін көрсетіп, бұл илаһи міндетті орындай алмайтын адамдарға көңіл бөлді. Ораза тұту қиынға соғатын қариялар мен аяғы ауыр және омырауда балалары бар әйелдерге, сондай-ақ науқас адамдарға ораза тұтудың орнына бір міскіннің тамағын төлеу ұсынылған.  Бірақ, егер ораза тұтпаған адам бір күн ораза үшін бір адамнан көп адамды тамақтандырғысы келсе абзал болады.

Рамазан - Алланың айы

Бұл аят исламның әр адам үшін әрбір жағдайға сай орынды заңға ие екендігін көрсетеді. Бәрінен маңызды іс – Алланың бұйрығын орындау. Егер, Алла Тағала ораза тұтуды бұйырса, ораза тұту қажет, егер ауызашар үкімін берсе, оразасын бұзуы керек. Бұл аят Алла елшісінің қасиетті рамазан айындағы сапары кезінде жіберілген. Сол кезде хазірет дереу су сұрап, ішіп, аузын ашқан.  Басқалар да оразаларын бұзып, ауыздарын ашқанымен, бір топ: «Әлі түс уақыты. Біз оразамызды жалғастырамыз» деген. Алла елшісі екінші топты күнәһар деп атады. Аяттың соңында «Сендер үшін ораза тұту жақсырақ» деп айтылған. Сондықтан ешбір ауыртпалықсыз міндеттеріңді орындаңдар. Егер, бұл жақсылықтың мөлшері анық болса, ешбір адам «Мен де қарт болып, оразаның орнына аш адамды тамақтандырғаным жақсы болар еді» деп армандамайтын еді.

Абдолла Ансари сөзінің бірінде: «Оразаның философиясының бірі – нығметке ие адамдардың аштардың жағдайынан хабардар болып, оларға көмектесуі қажеттігінде. Алла Тағала басында жетімдерге аяушылық білдірін деп, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды жетім етті. Содан соң бөгделерге мейірімді болсын деп, бөгде етті, мүлкі жоқтарды ұмытпасын деп, кедей етті»,-деген болатын.

                           *****************************************************************

Ислам діні – ең кемел илаһи дін. Бұл дін адам өмірінің барлық тұрғыларына қатысты заңдар мен ақыл-кеңестерге ие. Осыған орай денсаулық және қасиетті рамазан айында тамақтану тәсіліне тоқталамыз.

Қасиетті рамазан айындағы негізгі тағамдар

Рамазан айындағы шөл мен аштық ораза тұтушы адамдарды ерекше көңіл-күйге түсіреді. Ораза тұтушылардың көбі бұл айда шаршап-шалдығу, бас ауруы, дененің құрысуы, асқазанның ауруы сияқты тағы да басқа  қиындықтармен кезігуі мүмкін. Мұндай жағдайға көбінесе қажет азық-түлікті пайдаланудың төмендеуі себеп болады. Күннің ыстығы мен күннің ұзақтығы ораза тұтушылардың ғибадатын орындауды қиындатады. Сондықтан  бұл күндері оразаның қысымына төзіп, денеге зиян келтірмей,  денсаулықты  бір қалыпта ұстау үшін орынды тамақтану керек. Біріншіден, ислам діні науқас адамға ораза тұтуға рұқсат етпейді. Адамдардың көбі рамазан айы келген кезде бұл қасиетті айдың рухани кеңістігінің әсеріне бөленіп, сонымен қатар оразаның уәжіптігіне байланысты  ауруларына назар аудармайды. Науқас адамның ораза тұту туралы шешімі ауруының түрі мен жағдайына және тағы да басқа көптеген мәселелерге байланысты. Сондықтан, барлық науқас адамдарға, тіпті аурулары ұқсас адамдарға да бірдей заңды баяндауға болмайды. Әр адам ораза ұстайтынын немесе ұстай алмайтынын өзі нақтырақ анықтай алады. Егер, адам оразаның ықтималды зияндары туралы шешім қабылдай алмаса, дәрігерден сұрауы керек. 

Теһран Медициналық университетінің тамақ және тамақтану мәселелері жөніндегі маманы доктор Саид Хосейни науқастардың екі түрін, атап айтқанда қант диабеті мен MS ауруы бар адамдар туралы: «Диабет пен қан қысымы аурулары бар адам ораза тұту үшін өзінің  дәрігерімен ақылдасуы қажет. Ораза тұтуға шешім қабылдаған науқас адамдар рамазан айынан үш-төрт күн бұрын қанындағы қанттың мөлшерін тексеруі керек. Сондай-ақ, температурасы көтерелетін, ауруды басатын дәрі ішетін адамдар ораза тұтпайды. Өйткені, оразаның бірінші шарты деннің саулығы болып табылады.

 

 

Тегтер