Имам Хаменеи америкалық студенттерге: Сіздер қазір тарихтың дұрыс жағында тұрсыздар
(last modified Thu, 30 May 2024 14:19:51 GMT )
Maм 30, 2024 20:19 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи америкалық студенттерге: Сіздер қазір тарихтың дұрыс жағында тұрсыздар

Имам Хаменеи АҚШ университеттерінде Палестина халқын қолдайтын ұжданы ояу америкалық студенттерге хатында олардың антисионистік наразылықтарына тілеулестік білдіріп, оларды қарсыласу өзегінің бір бөлігі деп атап, Батыс Азия аймағының тағдыры мен жағдайының өзгергеніне тоқталып, әлем тарихында жаңа тарау басталғанын айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің хаты төмендегідей:

Алланың атымен бастаймыз!

Бұл хатты Газадағы қорғансыз балалар мен әйелдерді қорғауға жұмылған ұжданы ояу жастарға жазамын.

АҚШ-тағы құрметті студент жастар! Бұл – сіздерге тілеулестік пен жанашырлық білдіретін жолдауым. Сіздер қазір тарихтың дұрыс жағында тұрсыздар. Өйткені тарихтың жаңа тарауы басталды.

Сіздер қазір қарсыласу өзегінің бір бөлігін құрап отырсыздар. Сіздер узурпатор сионистік режимді ашық түрде қорғап отырған Вашингтон үкіметінің қысымына қарамай, абыройлы күрес бастадыңыздар.

Ең алыс нүктедегі сіздердің бүгінгі түсініктеріңіз бен сезімдеріңізге ұқсас ой мен ұстанымға ие қарсыласу майданы жылдар бойы күресіп келеді. Бұл күрестің мақсаты – айқын қысымды тоқтату.  «Сионистер» деп аталатын  рақымсыз лаңкес желі Палестина халқына жылдар бойы шабуыл жасап келеді. Палестина жері басып алынғаннан кейін палестиналықтар ең ауыр қысымдар мен азаптарға ұшырады.

Апартеид саясатын ұстанатын сионистік режимінің бүгінгі геноциді өткен онжылдықтардағы аса қатыгез қатынастың жалғасы болып табылады. Палестина – мұсылман, христиан және еврейлерден тұратын халқы бар және ұзақ тарихқа ие тәуелсіз ел. Дүниежүзілік соғыстан кейін сионистік желінің капиталистері Англия үкіметінің көмегімен бұл жерге біртіндеп бірнеше мың лаңкес әкелді. Олар палестиналықтардың қалалары мен ауылдарына басып кіріп, ондаған мың адамды өлтірді немесе көрші елдерге қуып жіберді. Палестиналықтардың үйлері, базарлары, шаруа қожалықтарын тартып алды. Басып алынған Палестина жерінде Израиль деген үкімет құрды.

Британдықтардың алғашқы көмегінен кейін осы узурпатор режимнің ең ірі қолдаушысы АҚШ үкіметі болып отыр. Ол осы режимге саяси, экономикалық және қару-жарақпен қолдауын үздіксіз жалғастырып келеді. Тіпті кешірілмес бейқамдықпен оған ядролық қару жасауға жол ашып, оған осы жолда көмектесті.

Алғашқы күннен бастап сионистік режим Палестинаның қорғансыз халқына қарсы «темір жұдырық» саясатын қолданды. Ол барлық ар-ұждан, адами және діни құндылықтарды ысырып қойып, күн өткен сайын қатыгездікті, үрей мен репрессияны күшейтті. АҚШ үкіметі мен оның одақтастары бұл мемлекеттік лаңкестікке және үздіксіз қысымға тіпті қабақ шытпайды. Тіпті бүгінде АҚШ үкіметінің Газадағы қорқынышты қылмысқа қатысты кейбір мәлімдемелері шындықтан гөрі екіжүзді қатынасты көрсетеді. «Қарсыласу майданы» осы қараңғы да шарасыз атмосфераның ортасынан көтерілді. Иранда «Ислам республикасы» құрылған соң қарсыласу майданы кеңейтіп, қуаттана түсті.  

АҚШ пен Еуропадағы медиа-компаниялардың көпшілігі халықаралық сионизмнің жетекшілеріне тиесілі немесе олардың ақшасына тәуелді. Олар «Қарсыласу майданын» терроризм деп таныстырды. Сионистік басқыншылардың қылмыстарынан өз жерін қорғаған халық лаңкес пе? Ал бұл халыққа гуманитарлық көмек жіберу және әскери тұрғыдан нығайту лаңкестікке көмек болып санала ма?

Әлемдік үстемшілдер тіпті адами ұғымдарды да аямайды. Олар Израильдің қатыгез де лаңкес режимі өзін қорғап жатқандай көрсетеді. Ал өз бостандығын, қауіпсіздігін және өз тағдырын таңдау құқығын қорғайтын Палестина қарсыласуын «террорист» деп атайды!

Мен бүгін жағдайдың өзгеріп жатқанына сендіргім келеді. Түйткілді Батыс Азия аймағын басқа бір тағдыр күтіп тұр. Жаһандық деңгейде талай сана оянып, шындық ашылып жатыр. Қарсыласу майданы нығайып, күшейе түсті. Тарихтың жаңа тарауы басталды.

Сіздерден бөлек АҚШ-тағы ондаған университеттің студенттері, басқа елдердің университеттері мен адамдары да көтерілді. Университет ұстаздарының студенттерге қолдау көрсетуі өте маңызды болып отыр. Бұл үкімет пен полиция қызметкерлерінің сіздерге жасар жатқан қысымын азайта алады. Мен де жастарға жанашырмын, ұстанымдарыңызды құрметтеймін.

Құранның мұсылмандарға және бүкіл әлем халқына тағылымы – ақиқат жолында тұру.

(Мұхаммед Ғ.С.) бұйырылғанындай тура бол! (112) (فَاستَقِم کَما اُمِرت) (Һуд сүресі, 112-аят)

Құранның адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы тағылымы: Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар. (279) (لا تَظلِمونَ وَ لا تُظلَمون) (Бақара сүресі. 279-аят)

Осы және осыған ұқсас жүздеген бұйрықтарды үйреніп, орындау арқылы Құдайдың қалауымен Қарсыласу майданы жеңіске жетеді.

Құранмен танысуға кеңес беремін.

Сейіт Әли Хаменеи

25.05.2024

Тегтер