Маусым 06, 2017 09:45 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 11

Дүниеде дін мен ғибадаттар түрінде қалыптасқан илаһи заңдар мен шариғаттың құпиялары бар. Сондай ғибадаттардың бірі – қасиетті Рамазан айындағы ораза тұту.

Исламдық мәдениетте Рамазан айы - жылдың ең маңызды айларының бірі. Бұл ай мұсылмандардың арасында ғибадат айы деп танымал болып, оны Алланың айы деп атайды. Имам Саджад (ғ.с.)-ның айтуынша, «Қасиетті рамазан айы – ислам, тазалық және сынақ айы». Рамазан айын исламның немесе Имам Саджад (ғ.с.) және пайғамбар әулеті мектебінің көзқарасы бойынша, бұл ай – исламның шындықтары айқындалатын, яғни Аллаға бағынатын ай. Бұл айда Алланың пенделері оның ризалығына ие болу үшін тіпті өздерінің табиғи және халал қажеттіліктерін қойып, Жаратушыға құлшылық етеді. Бір айда нәпсінің қалауына қарсы тұратын жаттығулар жігер мен ұстамдылықты нығайту үшін пайдалы. Бір ай бойы Алланың бұйрығымен нәпсісіне қарсы тұрып, тек Алланың ризалығы үшін өзінің табиғи ішіп, жеп сынды қажеттіліктерінен тартынған адам жылдың қалған 11 айында да шайтандық түрткілер және нәпсісінің тілектеріне қарсы тұрып, тақуа болады.

Сондықтан Рамазан айын адамның хайуандық сипаттардан босап, илаһи болмысына оралу деп атауға болады. Қасиетті рамазан айының негізі – илаһи ахлаққа ие болып, Аллаға жақындау. Хадистердің бірінде Алла Тағала: «Ораза менікі. Оның сыйын өзім беремін»,- деген. 

Дінтанушы Шариф мырза: «Рамазан – Құранда аталған қамари күнтізбесінің жалғыз айы әрі Алла Тағала соғысуға тыйым салған төрт айлардың бірі. Бұл айда Құран Кәрім, Інжіл (Евангелие), Таурат (Тора), Сухуф (Свитки) және Забур (Псалтир) жіберілген. Исламдық рауаяттарда бұл ай – Алланың айы. Алла елшісі үмбетінің мейман болатын айы деп аталды. Алла Тағала бұл айда өз пенделерін мейірімділігімен қонақ етеді. Алла елшісі: «Бұл айдың барлық күндері ораза тұтқан адамның Алла Тағала күнәларын кешіріп, қалған өміріне кепілдік береді. Рамазан аптаған ыстық кезінде күннің көзінің тасқа тигенін білдіреді. Негізінде, рамазан айы – қиындықтарға төзу»,- деген.

    «Мәиде» сүресінің 105-ші аяты:

یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُواْ عَلَیْکُمْ أَنفُسَکُمْ لاَ یَضُرُّکُم مَّن ضَلَّ إِذَا اهْتَدَیْتُمْ إِلَى اللّهِ مَرْجِعُکُمْ جَمِیعًا فَیُنَبِّئُکُم بِمَا کُنتُمْ تَعْمَلُون:

«Әй, мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарыңның барар жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңнен хабарын береді».

Бұл аят мүміндерге өздеріңе көңіл бөліп, өз жолдарына абай болып, адасқан адамдардан қорықпауды бұйырады. «Адасу» мен «тура жолға түсу» – бір-біріне қайшы терминдер. Дұрыс жолға нұсқау адамды мақсатына жылдамырақ жететін жолға түсіреді, адасу адамды еш уақытта мақсатына жетпейтін жолға түсіреді. Сондықтан бұл аятта халықтың алдынан  екі жол көрсетілген. Өйткені, үшінші жол жоқ. Екі жол да Аллаға қарай апарады: мүміндер Алланың рақымы және мейірімімен, ал мүмін еместер ашуымен кезігеді. Сондықтан  мүміндерге өздерін түзетіп, бұрыс жолға түспеу бұйырылды. Сондай-ақ мүміндерге адасқандардан қорықпауға, адасқандардың есебін мүміндер емес, Жаратушы беретінін  ескертеді. Өздерінің нәпсісін бақылайтын адамдар өмірлерінің әр сәтінде адасқандарды қолдамайтын Алланы ұмытпайды. Халықтың көбі қабылдаса да жалғандықтан алыстайды. Мүміндер де халық қабылдамаса да, шындықтан бас тартпайды. Сол себепті шынайы мұсылман шаһуаты мен өмірдің ләззаттарына бағынған халықты көрген кезде діни жолынан ауытқымай, адамдарды жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру ісін жалғастырады. Ходже Абдолла Ансари бұл аяттың әдеби және мистикалық тәпсірінде: «Уа, мүміндер, нәпсілерің сендерді жеңбестен бұрын, сендер оны жеңіңдер. Нәпсілерің сендерді бағындармастан бұрын, сендер оны бағындырыңдар. Әйгілі әулиелердің бірінен бұл аят туралы сұраған кезде «Егер нәпсіңді өзгертуді бастасаң, Алла сені халықтың құқықтарын бұзатын күнә жасаудан алыстатады»,- деген болатын.

Тамақтану туралы ақыл-кеңес бөлімін имам Реза (ғ.с.)-ның рауаятымен бастаймыз. Имам Реза (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Алла Тағала пайдасыз ешбір азық пен сусынды халал, сондай-ақ, зиян келтіріп, бұзақылыққа себеп болмаса, ешбір азық пен сусынды харам етпеген еді. Адамға пайдалы әрі күш беретін барлық нәрсені халал, адамды әлсіретіп, оның өліміне себеп болатын барлық нәрсені харам етті»,- деп айтқан. («Мастадрак әл-Васаель», 16-шы том).

Исламның тамақтану туралы алғашқы әрі ең маңызды насихаты – азықтың халал болуына көңіл аударудың қажеттігі. Халал азық бірнеше ерекшелікке ие: заңды болуы және басқалардың құқықтарын бұзбай қолға түсуі; таза, әрі таза нәрседен жасалуы; тұтынушы үшін  зиян келтірмеуі, масайтатын ішімдіктер қойылған дастарханның үстінде болмауы. Бұл шарттар орындалса, халал азық нұрланып,  адамды жақсылыққа қарай жігерлендіреді. Осыған орай Лұқман Хакім ұлына айтқан ақыл-кеңесінде: «Мен өмірімде және сапарларымда төрт жүз пайғамбарды кездестіріп, олардың ақыл-кеңестерін тыңдадым. Барлық ақыл-кеңестің арасынан төрт мәселені бөлдім. Солардың бірі «Дастарханның басына отырған кезде харам тамақты жеуден абай бол» деген кеңес болды.

Харам азықтың да бірнеше белгісі бар. Алла Тағала кейбір жануарлар мен өсімдіктерді жеуді бізге харам етті. Арам өлген жануарлар, қабыршағы жоқ балықтар мен жыртқыш құстарды жеуге болмайды. Сонымен бірге  жануарлардың қанын ішуге, жұлынын, қуығы мен көкбауыр сынды мүшелерін жеуге тыйым салған. Барлық жемістер, көкөністер, дәндер мен бұршақтардың улы әрі зиян келтіретіндерінен басқалары – халал. Сондай-ақ, біреудің тамағын рұқсатсыз жеу – харам. Шошқаның еті мен мас қылатын ішімдіктер – харам.

Құран Кәрім көптеген аяттарында харам азық пен сусындарды жеп-ішуді харам етті. «Бақаре» сүресінің 188-ші аятында: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» және «Ниса» сүресінің 10-шы аятында: «Негізінен, сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ,  жалындаған тозаққа кіреді»,- деп айтылған. Ардақты пайғамбар иаза тамақтың маңыздылығына назар аударып: «Уа, Алла халал тамақ арқылы бізді харам жеуден алыстат және өзіңнен басқаға мұқтаж еткізбе»,- деген.

 

Тегтер