Нау 21, 2016 11:20 Asia/Almaty

Ислам тағылымдары өмірдің әртүрлі салаларындағы адамның рухани дамуына назар аударады.

 Осыған орай еңбек пен пайда табу адамның рухани және рухани тұрғыдан дамуына кедергі болмауы керек. Адамның қай мамандықты тандауы оның өз еркінде. Ол өзі қалаған, өзі ұнататын мамандығы бойынша еңбек ете алады. Бірақ кейбір жұмыстардың адамға материалдық және рухани нұқсан келтіретіндігіне немесе қоғамға зиян шектіретіндігіне байланысты тыйым салынған. Ислам мәдениетінде адамға кез келген мүмкіндік арқылы табыс табуға рұқсат етілмеген. Сондықтан исламдық өмір сүру тәсілінде еңбектену үшін шарт қойылған. Мәселен, мұсылман күнә немесе зұлымдықпен  бірге жүретін, мұсылмандарды әлсірететін сауда немесе басқа жұмыспен айналыса алмайды. Исламдық құндылықтар бойынша, еңбек адал әрі заңды  болып, адамгершілік негіздеріне қайшы келмеуі қажет. Исламда тыйым салған жұмыстар харам деп жарияланды. Бұл жұмыстардың харам болуының философиясы  олардың қоғамдық және мәдени зиян келтіруімен бірге адамның рухани күдік-күмәндарына жол ашады.  Керісінше, исламдық мәдениетте халал және пәк жұмыстарға тыйым салынбаған. Оларды орындау  Аллаға жақындатып, сауап пен сыйға себеп болады. Сөйтіп Ислам жұмысты бастамастан бұрын оның харам және халал болуын анықтап, бұрыс жолға түспес үшін сауда мен мәміле туралы өзінің діни бұйрықтарын оқуды насихаттайды.  Өйткені Исламның көзқарасы бойынша жұмыстың экономикалық  кірісі мен пайдасынан бұрын рухани тұрғысы маңызды. Халал мен харамды анықтауға илаһи тақуалықтан пайдалану үлкен әсер етеді. Исламның тағылымдарында кірісті абыройлы жолдар арқылы табу қуатталған. Хазірет Әли (ғ.с.): «Ырзығыңды талап еткен кезде жақсылық жасап, оған жеткізетін халал жолдарды тану керек»,- деген. Халал  ырзықтың маңыздылығы  сондай, Исламның ұлық пайғамбары мұны кейбір күнәлардың кешірірілуінің құралы деп атап: «Кейбір күнәләр күнделікті тұрмыс пен еңбектің арқасында кешіріледі»,- деген. Исламның ұлық пайғамбары халал еңбектің дұғаның қабыл болуына әсер етуі туралы: «Адам дұғасы қабыл  болсын десе, кәсібі мен еңбегін халал етуі керек.  Өйткені пенденің ісі харам  болса, оның дұғасы қабыл болмайды»,- деген. Исламның шариғатындағы харам істердің біріне өсімқорлық арқылы кіріс табу жатады.  Бұл мәміледе адамға қарыз беріледі, бірақ ол қарызын  алғаннан артығырақ қайтарады. Басқаша айтқанда,  ақша иесі өнім шығармай немесе сауда жасамай-ақ ақшасын көбейтеді. Өсімқорлық экономикаға теріс әсер етеді, өйткені бұл іс қаржы күшін әлсіретіп, нәтижесінде халық пен қоғамның экономикалық қуаты әлсірейді. Өсімқорлыққа тыйым салудың себебінің бірін бұзақылыққа тосқауыл қою деп атауға болады. Өйткені өсімқорлық байлықты байлардың қолында шоғырландырып, таптық айырмашылықты арттырып, экономикалық теңдікті бұзады. Сонымен қатар исламдық құндылықтар жүйесінде адам ұрлық-қарлық, алдау, қиянат пен өтірік арқылы мал-мүлік пен байлыққа ие бола алмайды. Мәміледегі алдап-арбаудың мақсаты  жаман тауарды  жақсы тауардың орнына қойып, кем-кетікті жасыру болып табылады. Ислам ғұламалары мұндай мәмілені харам деп санайды. Негізінде басқаларды алдауды мақсат ететін кез келген мәміле мен сауда харам саналады. Харам пайда әкелетін келесі жолдардың бірі арақ-шарапты алып-сату саналады.  Имам Садық (ғ.с.): «Арақ-шарапты харам етуші оның бағасын да харам етті»,- деп айтқан болатын. Арақ-шарап ішу адамның денесі мен рухына  және қоғамға орны толмас зиян  келтіреді. Осыған орай арап-шарап жасау, сатып алу, сату және ішу харам саналады. Құранның аяттары бойынша құмар ойындар арқылы  қолға түскен мүлік, адамның өз мүлкі саналмайтын  мүлікті пайдалану  харам болып табылады. «Мәиде» сүресінің  3-ші аятында  арақ-шарап ішу мен құмар ойындар шайтандық ғамалдар  деп аталып, мүміндерден олардан алыстау талап етілді. Имам Садық (ғ.с.)-ның бұл аят туралы рауаятында: «Құрайыштар мүлкі мен жанұясын құмар ойындарға салатын,  сол кезде Алла оларға тыйым салды»,- деп айтылған. Харам пайда әкелетін келесі жолға пара алу жатады. Пара алу – заңсыз талап-тілектерге  келісім немесе алдау арқылы жету. Исламдық  ғалымдар пара алуды шындықты жалған етіп, жалғанды растайтын құрал деп санап, бұл жолдан түскен мүлікті  заңсыз деп біледі. Кейбір уақытта пара  көркем түрде, басқаша сыйлық немесе еңбектің құқығы деп аталып беріледі. Бірақ атын өзгерту  оның болмысын өзгертпейді. Сол себепті пара қандай атаумен берілсе де харам әрі заңсыз саналады. Тарихтан хазірет Әли (ғ.с.)-ның үкіметі кезінде бір күні Ашас бен Қейс деген адамның хазірет Әли (ғ.с.)-нан артықшылыққа қол жеткізу үшін дәмді халуасы бар ыдысты сыйлық деп, хазіреттің үйінің есігінің алдына әкелгені айтылған. Сонда имам Әли (ғ.с.) бұл іске таңғалып: «Мені алдап, хақ дінінен алыстату үшін келдің бе? Алламен ант етемін, жеті қат аспан мен солардың астындағы барлық нәрсені сыйласаң да құмырсқаның аузындағы бір дәннің қабығын да тартып алмаймын»,- деген екен. («Наһдж ул-Балағе», 215-ші құтпа). Мүлік пен ақшаны  жасыру арқылы көбейту харам кіріске ие болатын келесі бір жол болып табылады. Яғни, халыққа қажет, бірақ қат нәрсені  қымбаттайды деген үмітпен жасыру. Рауаяттар мен исламдық фикх ғылымында, егер халыққа қажет нәрсе жасырылса, содан соң бағасы көтерілсе одан түскен пайданың харам екендігі айтылған. Өйткені бұл іс халықтың мұқтаждығын пайдалану және оған зұлымдық жасау болып саналады. Қорыта айтқанда, «Исламда барлық жұмыстар мен мәмілелер, емшілік, ауылшарушылық, тәлім-тәрбие, сәулет, шекарашылық, сауда мен мал бағу, осының  барлығы  қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, мұсылмандардың қоғамының нығаюында маңызды рөл атқарады. Бұл ғамалдар насихатталған. Керісінше өсім алу, пара алу, қажет, қат нәрселерді жасыру, қымбат сату, жалғандық – мұның барлығы зиян келтіретін істер. Сондықтан оларға тыйым салынған және бұлар харам болып табылады. Ислам әрқашан алдау және өтірікпен бірге жүретін мәмілені харам санайды. Қоғамды әлсірететін кез келген іспен айналысуға тыйым салынған. Сондай-ақ,  бұзақылық тудыратын немесе мұсылмандардың наным-сенімдеріне нұқсан келтіретін жұмыстар да харам. Ислам  әрқашан өз жақтастарын халал және қоғамға қажет кәсіптермен айналысуға шақырады. Мұндай кәсіптердің бірі – сауда. Имам Садық (ғ.с.) саудамен айналысуды қуаттап, оның экономикалық пайдасымен бірге ойлану күші мен тәжірибені арттыратындығына ерекше көңіл бөліп: «Сауда зияткерліктің нығаюына себеп болады» деген.

Тегтер