Жетекшілік хадисы 149
Адалдық – достықтың өте маңызды негізі. Шынайы дос – негізінде кез келген жағдайда да саған адал қалатын адам.
Шынайы дос – өзінің тек мүддесі үшін ғана дос болып, сенен оған жақсылық жетсе, сенің қасыңнан табылып, егер еш нәрсе тимесе, сенен алыстайтын адам емес.
Хадистердің бірінде, ер адамның имам Моджтабаны (ғ.с.) қатты жақсы көргені туралы айтылған. Сол адам имамға келіп, хазіреттен оны досы болуды сұрағанда имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) күлімсіреп: «Мен сені өзімнің досым санаймын. Бірақ, менімен дос болған кезде бірнеше нәрсені сақтауың керек» дейді. Ер адам қуанып: «Не айтсаңыз да, келісемін»,- деді. Имам: «Егер менімен дос болсаң, мені мадақтамауың керек. Өйткені, мен өзімді сізден артығырақ танимын. Маған өтірік айтпаңыз. Өйткені, өтіріктің құны жоқ. Соңғы шартым, менің қасымда еш уақытта басқалар туралы ғайбат айтпаңыз»,- деді. Ер адам сәл ойланып, бұл шарттарды орындай алмайтынын біліп, имамға: «Уа, Алла елшісінің перзенті! Маған қайтуға рұқсат етіңіз»,- дейді. Имам күлімсіреп: «Олай болса, ештеңе емес»,- деді. Халықпен дос болудың принциптері бар. Егер сол принциптер сақталмаса, достық жойылады. Алдау – достыққа қиянат жасайтын факторлардың бірі. Имам Садық (ғ.с.): «Дос боламын десең, адамдарды алдама»,- деген болатын. Алдау – қара ниеттің салдары. Ниеті түзу емес адам адал дос бола алмайды. Мәселен, өтпейтін тауарды досына сатып, оны алдаған адам негізінде оның сенімін пайдаланып, оған сатқындық жасаған саналады.
Адамның тек өзі ғана білетін, басқалардың одан хабардар болуын қаламайтын мәселе оның сыры саналады. Кейде бір немесе бірнеше досы оның сырынан хабардар болады. Шынайы дос ешбір жағдайда бұл сырды әшкерелемейді. Исламның ұлық пайғамбарының айтуы бойынша, бауырыңның сырын әшкерелеу, оған қиянат жасау болып табылады. Сондықтан бұл істен тартынған жөн.
Досты оған қажет емес, жақсылық әкелмейтін іске итермелеу оған қиянат жасаудың келесі түрі саналады. Алла елшісі: «Досын жақсылық әкелмейтін іске итермелеген адам оған қиянат жасаған саналады»,- деген болатын. Адам өз досын оның мүддесіне қайшы жұмысқа жігерлендірмеуі керек. Егер итермелесе, оған қиянат жасаған саналады.
Екіжүзділік – қиянаттың көрінстерінің бірі. Сырт көзге достық пен ықылас көрсетіп, бірақ жүрегі жамандық пен кекке толы адам екіжүзді саналады. Имам Бақер (ғ.с.): «Сіздерге өзіңізге қаламаған нәрсені басқаға тілемеуді насихаттаймын. Өйткені, өзі қаламайтын нәрсені басқаға тілеуді Алла Тағала жүректегі екіжүзділіктің пайда болуының себебі санайды»,- деген болатын. Сондай-ақ Алла елшісі: «Бауырының сөзін таратып, оны жаман көрсетуді мақсат еткен адамды Алла Тағала сол күнәсі үшін қорлайды»,- деп ескерткен. Кейде адамның досы қасақана немесе жазатайым қателесіп, күмәнданады. Бірақ, ойланып барып, қателескенін түсініп, өкінеді. Жақсы дос бұл қателікті ұмытуға тырысады. Алайда, кейбіреулер сырт көзге өздерін дос көрсеткенімен, шын мәнінде қателерді көріп, оны мұрсат ретінде пайдаланып, әшкере етпек болады. Осыған орай Алланың елшісі: «Бауырыңның сөзін естіп, оны ұмытпай, бір күні оны әшкерелегені күпірлік саналады. Бұл адам жақсылық пен береке көрмейді»,- деп айтқан. Досқа қиянат жасаудың келесі белгілерінің біріне ол досы санайтын адамның сөзіне құлақ салуы, бірақ оның өтірік айтуы жатады. Имам Садық( ғ.с.): «Сен досыңмен сөйлесіп, ол сені растаса, ал сен өтірік айтқан болсаң, үлкен қиянат саналады. Егер адам бауырының жаман іс жасап отырғанын көріп, оны тоқтатпаса, оған қиянат жасағаны»,- деген. Сондықтан, кімде-кім досының құлдырап бара жатқанын көрсе, оған немқұрайдылық танытпай, көмектесуі керек.