Жел 04, 2019 20:10 Asia/Almaty

Өмір салты біздің өмірдің мақсатын қалай түсінетінімізге байланысты. Өмірдің мақсаты белгілі бір мектеп пен идеология негізінде қалыптасады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің пайымдауынша, өмір салты біздің өмірдің мақсатын қалай түсінетінімізге байланысты. Өмірдің мақсаты белгілі бір мектеп пен идеология негізінде қалыптасады. Мақсатсыздық, мағынасыздық, үмітсіздікке бой алдыру және қоғам мен жанұяда қауіпсіздіктің болмауы батыс адамының өмірге деген материалдық және секулярлық көзқарасынан туындаған. 

"Дін, үкімет және жанұя дағдарысы" атты кітаптың авторы, зерттеуші Поль Витц: "Бөлек тұратын ата-аналарды, айырылысқандар мен бытыраған жанұяларды секуляр жанұяның ең айқын мысалдары санаймын. Мұндай жанұялар – секулярлық идеологияның салдары",-деп жазды. Осындай кіріспе және тақырыппен сіздерді "Батыстың өмір салты" атты бағдарламаның бүгінгі бөлімін оқуға шақырамыз.

 

Америкалық жазушы әрі болашақты зерттеуші Элвин Тоффлердің сенімі бойынша, адамзат тарихы екі революцияны бастан өткерді: ауыл шаруашылығы революциясы және индустриалдық революция. Қазір үшінші революция, яғни электрондық революция қарсаңында тұрмыз. Индустриалдық революция ауылшаруашылық жүйесі құрылымдарының қирауына себеп болғандай, электрондық революция да индустриалдық жүйенің құрылымдарын бұзды. Ол Батыс әлемінің қазіргі дағдарыстарын, соның ішінде жанұя дағдарысын осы стресске толы кезеңнен туындады деп атап, "Үшінші толқын" атты кітапта: "Біз бір жанұя жұмыс істейтін күйеу, үй шаруасындағы әйел және екі баладан тұрады деп есептейміз. Бірнеше америкалықтан шынымен осындай жанұяда тұра ма екен деп сұрайық. Жауабы таң қалдырады. АҚШ халқының 7 пайызы осы үлгіні ұстанады. Ал 93 пайызы бұл модельдің аясына сыймайды. Істің насырға шапқаны соншалықты, болашақта да жанұялардың бұзылатыны талай естілді. Жанұяны сақтау – қазіргі ең маңызды мәселе",-деп жазды.

Жанұя – шағын әрі маңызды әлеуметтік құрылым. Ол қоғам қалыптастырудағы рөліне байланысты өте маңызды. Әйел мен еркек жанұя құру аясында адамның ең маңызды қажеттілігіне, яғни тыныштыққа қол жеткізеді. Олар бір-бірінің жанында,  бір-біріне көмектесе отырып, тыныш әрі қауіпсіз, махаббат пен мейірімге толы, өз балаларының тәрбиесі үшін қобалжу мен текетірестен ада кеңістік қалыптастыра алады. Жанұя – бала дүниеге келіп, ат қойылып, тұлғаға айналатын орта. Ол сөйлеу, ойлау, тамақ ішу мен киім киюді жанұя мүшелерінен үйреніп, үйден тысқары қоғамда өмір сүруге дайындалады. 

Қазір Батыс елдерінде әлеуметтік өмір үдерісі мен өмір салты жанұя мен ондағы ата-ананың өзекті рөлінің орнына оларды алмастыратын әртүрлі заттар ұсынып отыр. Сәбилер үшін сүт емізетін орталықтар, балалар үшін балабақшалар, жеткіншектер мен орта жастағылар үшін клубтар, қарт адамдарға қарттар үйлері сияқты орталықтар ашылды. Мұндай өмір салты жанұя мүшелерінің бір-бірінен алшақтап, олардың бір-біріне әсері азайып, рөлдерінің солғындауына соқтырады. Бұл үдеріс уақыт өте келе Батыс қоғамында жанұя мен қоғамның бұзылуына, жалғыздық, қобалжу мен стресске ұшырауға, келешектен қорқып, ақлақтан алшақтауға жеткізді.

 

Архиепископ Винченцо Палья  Батыстағы жанұяның қазіргі жағдайын жанжалдасу орны санап: "Әлсіз жанұя – әлсіз қоғамның символы. Егер индивидуализм идеясы адамдардың өміріне енсе, оның салдарлары барлық әлеуметтік және мемлекеттік орталарға әсер етеді. Өкінішке орай, бүгінде Батыс елдерінде алаңдаушылық тудыратын құбылыс үдеп барады. Ол кезде әйелдер мен ер адамдар жалғыз әрі тәуелсіз өмір сүруге тырысып, өзінің бақытын индивидуализмнен іздейді",-дейді. 

Өткен 30 жылдың ішінде Еуропа одағына мүше елдерде "жалғыз" өмір сүретін адамдардың саны айтарлықтай артты. Осы елдерде адамдар кеш үйленіп, ажырасу деңгейі бұрынғыдан артты. Еуропа комиссиясының статистикалық кеңесінің мағлұматтарына сәйкес, Eurostat Еуропа одағына мүше елдердегі жанұялар санын 2006 жылы 199 млн адамнан 2016 жылы 220 млн адамға жетті деп хабарлады. Бірақ бұл санның 33 пайызы, яғни олардың үштен бірі бір адамдық жанұялар болды. Швеция Еуропа одағына мүше елдер арасында бұл тұрғыдан бірінші орында. Бұл елде жанұялардың жартысы тек бір адамнан тұрады. Сонымен қатар Еуропа одағына мүше елдерде жанұялардың 25 пайызында жұптардың баласы жоқ. Бұл салада Финляндия бірінші орында. Аталмыш одақтағы жанұялардың тек 20 пайызында ғана бала бар. АҚШ-та 16 жастан жоғары адамдардың 50 пайызы бойдақ өмір сүреді. Соңғы 30 жылда ешқашан үйленбеген ересек адамдардың саны 30 пайызға өсті.

Бүгінде Батыс әлемінде жанұяның әртүрлі қалыптарда сипатталуына байланысты отбасының жылы ошағынан мақұрым қалған балалар ата-ананың біреуі жоқ үлкен үйлерде өседі. Олар кейде бейтаныс адамдарды өздерінің әкесі немесе анасы ретінде қабылдауға мәжбүр. Филис Шлафли "Кім америкалық жанұяны өлтірді?" атты кітабында: "Үйлену мен орталықтанған жанұяның құндылығы саласында бір үнсіз байласу бар сияқты... Бүгінгі әлем бізді өзіміздің және перзенттеріміздің денсаулығын күтуге ынталандырады. Үнемі мынадай ескертулер жасалады: спортпен айналысыңыздар, дұрыс тамақтаныңыздар, каска киіңіздер, пакеттің сыртындағы түсініктемелерді оқыңыздар, темекі тартпаңыздар, заттарды өңдеп пайдаланыңыздар, жер планетасының жылынумен күресіңіздер, тістеріңізді тазалап жүріңіздер, ішімдіктерді тұтынуда абай болыңыздар, дәрігерге қаралып тұрыңыздар... Бірақ келесі ұрпаққа зиян тигізетін мәселеге, яғни әкенің жанұяда болмауына кезек жеткенде бәрі үнсіз қалады",-деді.

БҰҰ 2015 жылы жанұядағы өзгерістер және оның балаларға әсері туралы "Дүниежүзілік жанұя картасы" (World Family Map ) атты есеп жариялады.  Бұл есеп бойынша, өткен 40 жылда АҚШ, Еуропа мен Океанияда табиғи неке үлгісі үйленуден тыс жыныстық қатынастарға ұласты. Бұл істің салдары –  некеден тыс туған балалар (Birth Outside Marriage). 1998-2014 ж.ж. АҚШ-та туған адамдардың 41 пайызы, Канадада туған балалардың 33 пайызы, Францияда туған балалардың 57 пайызы, Швецияда туған балалардың 54 пайызы Ұлыбританияда туған балалардың 48 пайызы, Аустралияда туған балалардың 33 пайызы некесіз дүниеге келген.

 

Тек қана АҚШ-та 15 млн-нан астам әйел жанұяның қамқоршысы ретінде 22 млн балаға қарайды. Бұл әйелдердің 36 пайызынан астамы заңсыз қатынастан дүниеге бала әкелген. Мұндай қатынаста ең көп зиянды некесіз балалар шегеді. Ата-ананың біреуінің жоғынан қобалжу мен күйзеліске ұшыраған балалар ұзақ мерзімде үмітсіздік пен мағынасыздық сезінеді. Бұл балалар өзіндік болмысы жоқ қорғансыз-сенімсіз ұрпақ қалыптастырады. Олар өз ата-аналарының ләззат қуушылығы, нәпсіқұмарлығы мен жауапсыздығының алғашқы құрбандары.

Қазіргі Батыс әлемі ақлақтық-әлеуметтік дағдарыстармен бетпе-бет келді. Мұның бір бөлігі әйел мен ер арасындағы байланыстардың еркіндігіне қатысты. Жанұяның негізін бұзу өте өкінішті салдарларға ұрындырады. Ресми үйлену санының азаматтық неке (Cohabitation) санына қарағанда азаюы, некеден тыс туған балалар санының артуы, жанұяны асырап отырған әйелдер санының артуы, бір адамнан тұратын қамқоршылардың көбеюі, осының барлығы заманауи мәдениеттен теріс әсер алған елдердің келеңсіздіктерінің қатарына жатады. Бұл елдерде жанұя өте кеш құрылып, тез жойылады. Соның салдарынан Батыста азғындық пен жезөкшелік күн сайын артып бара жатыр. Осындай ақлақтық-әлеуметтік ауруларға ұшыраған елдердің келешегі мен перспективасы қоғам мен ғылыми, материалдық және интеллектуалдық байлықтардың жойылуына себеп болады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, "Бұл келешек Батыс елдерінің көбін күтіп тұр".

 

Тегтер