Иран: Таджриш базары (154)
Maм 24, 2022 17:20 Asia/Almaty
Таджриш базары – Теһран қаласының көрнекті жерлерінің бірі. Дәрбәнд демалыс орны, Саадабад және Ниаваран сарайларына жақын және имамзада Салих (ғ.) мешіт-кесенесі маңында орналасқандықтан Таджриш базарына күн сайын отандық және шетелдік туристер көп келеді.
Таджриш базарында түрлі қолөнер бұйымдары, кептірілген жемістер мен жаңғақтар, тәтті-дәмділер, дәмдеуіштер мен жеміс-жидектер сатылады.
Жаңа жыл қарсаңында Таджриш базары жаңа бояу мен түске енеді. Базардың әр бұрышынан Наурыз мерекесінің жақындап қалғанын сезуге болады. Халық Жаңа жыл кешіне дайындалып, сауда жасайды.
Тегтер