Ақп 14, 2016 15:54 Asia/Almaty

Наным-сенімдер исламдық өмір сүру тәсіліндегі барлық істердің негізі болғандықтан әр мұсылман өзінің экономикалық жұмыстарын діни тағылымдарға сүйеніп орындайды.

Исламдық тағылымдарда Аллаға тәуекел ету мен Оның ырзық беруші екендігіне сенім арту қуатталды. Сол себепті кейбіреулер Аллаға тәуекел ету мен Оның ызрық беруші екендігіне сенім арту еңбек етіп, талпыну туралы кеңестерге қайшы келеді деп санайды. Мәселен, «Һуд» сүресінің 6-шы аятында: «Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән»,- деп айтылған. Осындай жағдайда егер Алла Тағала жаратылыстардың ырзығын қамтамасыз ететін болса, адам не үшін өзінің күнделікті  қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек етеді деген сұрақ туады. Бұл мәселені сараптау үшін аятолла Мұртаза Мутахари: «Егер Алланы оның ұлылығына сай танып, жоғары сипаттарымен өзімізді таныстырсақ, Алланың ырзық беруінің адамның міндеттері және құқықтарына қайшы емес екенін түсінеміз. Жаратушы Құранда өзін «ырзық беруші» деп атағанымен, жұмыс істеп, талпыныс жасаудың қажеттігін насихаттайды. Алланың ырзық беруші екендігі әр жаратылыстың әртүрлі мүмкіндіктерге ие болуына байланысты. Мысал ретінде өсімдіктердің тамырлары арқылы жерден су мен қажетті минералдарды алуын немесе ірі хайуандардың өздерінен кіші хайуандарды қорек етуін атауға болады. Бұл мүмкіндіктер Алланың ырзық беруші екендігін көрсетеді. Алла Тағала  әрбір тірі жәндікті өзін қажеттіліктермен қамтамасыз ететін мүміндіктерімен жаратады. Алла Тағала Құранда жер бетіндегі әр жаратылыстың ырзығы Алланың қолында екендігін айтқан, яғни, егер Жаратушының кепілдігі болмағанда жаратылыстар өздерін қамтамасыз ету  талпыныстарына ие болмайтын еді, адам да өзінің құқықтарын қорғағысы келмейтін еді. Алла адамдарға басқа жаратылыстардан артық жаратылыс ретінде көбірек мүмкіндік берді. Адам ақыл сынды нығметке ие. Сол себепті адам өзінің барлық күш-қабілеті мен дарынын ырзығын табуға пайдалануы керек. Сөйтіп, қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ақыл мен физикалық мүмкіндіктерді және ойлану күшін пайдалану Алланың ырзық беруші екендігінің белгісі. Алла – ырзық беруші. Бірақ табиғат үдерісі мен жаратылған әлемді басқаратын заңдарына қайшы емес. Жаратылған әлемге үстемдік ететін заңдардың бірі жаратылыстарға мүмкіндіктерді көбейтіп, ырзығын қамтамасыз етуге көмектесу саналады. Адамдардың көбі еңбек пен талпыныс арқылы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулеті өздерінің сөздері мен  ғамалдарында еңбек етіп, талпыныс жасауды қуаттап, өздері де ырзықтарына жету үшін көп еңбекетенген. Кұндердің бірінде имам Казем (ғ.с.) еңбек етіп жүрген кезде Әли бен Аби Хамзе деген адам қасына жақындап: «Неге жұмысты басқаларға тапсырмайсыз?»- деп сұраған кезде имам: «Жұмысымды неліктен басқаның мойнына артамын? Менен де артық адамдар еңбектенген»,- деп жауап бергенде Әли бен Аби Хамзе: «Сіз кім туралы айтып тұрсыз?» деп сұрағын жалғастырған екен Имам Казем (ғ.с.): «Алланың елшісі мен хазірет Әли және басқа да аталарым мен әкелерім туралы айтып тұрмын. Жер тырмап еңбектену пайғамбарлар мен Алланың әулиелері және пенделерінің дәстүрі болып қалыптасқан»,- деді. ««...Аллаға, ақырет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған Алла ойламаған жерден ризық береді»,- деп айтылған «Талақ» сүресінің 2-3-ші аяттары жіберілген соң, Алла елшісінің сахабалары оны дұрыс түсінбей, жұмыстарын тастап, ғибадат жасауға кіріскен екен. Бұл хабар пайғамбарға жеткен кезде хазірет: «Жұмысы мен кәсібін тастап, тек дұға жасап, Алладан ырзығымды бере гөр деп, сұрайтын адам менің дұшпаным»,- деген. Сондай-ақ, хазірет сөзінің бірінде: «Үмбетімнің кейбір топтарының дұғалары қабылданбайды. Олардың кейбіреуі  үйлерінде отырып алып, жұмыс істемей, ырзық сұрайтындар»,- деген. Имам Әли (ғ.с.)-ның өмірбаянында хазіреттің үкімет істерінен босаған кезде төрелік ету немесе тағылыммен айналысқаны айтылған. Бұл жұмыстарын аяқтаған соң хазірет егін және ауылшаруашылығы істерімен айналысқан. Хазірет өз қолымен құрма бақтарын өсірді. Хазірет Әли (ғ.с.) Мәдиненің батысында орналасқан аймақта  көптеген құдық қазды. Ол аймақтағы желдер істі қиындататын. Сол себепті адамдар бұл жерде ауылшаруашылығымен айналыспайтын. Бірақ хазірет Әли (ғ.с.) жер сатып алып, қиындықтарға қарамастан еңбектенді. «Янбағ» деп аталған аймақта имам ондаған құдық қазып, көптеген құрма бақтарын өсірді. Хазірет Әли өміріндегі еңбек пен талпыныс туралы: «Мединеде ашаршылықпен кезіккенімде жұмыс іздеп, үйден шықтым. Сонда Мединенің қасында балшық жинап отырған әйелді көрдім. Әйелдің не істегісі келетінін түсініп, оның қасына барып, көмегімді ұсынып, құдықтан әкеліп берген су үшін бірнеше құрма беруін сұрадым. Мен он алты рет құдықтан су әкеліп беріп, он алты құрма алдым. Құрмаларды пайғамбарға апарып, екеуіміз бірге жедік»,- есіне алатын. Күндердің бірінде ер адам құрманың көп сүйегін алып бара жатқан хазірет Әли (ғ.с.)-ды көріп: «Бұл апара бара жатқаныныз не нәрсе?»- деп сұрағанда хазірет: «Құдай қаласа, құрма ағаштары болады»,- деп жауап береді. Сол ер адам хазірет Әли (ғ.с.) құрманың бүкіл сүйектерін өз қолымен отырғызды деп есіне алды. Хазірет Әли (ғ.с.) бірде: «Мүмін адам әрқашан еңбектенеді. Еңбек ететін адамның күші көбейеді. Ырзық еңбектің арқасында келеді. Сондықтан ырзықты жақсы да жағымды тәсілдермен табыңдар. Жалқаулық ақыретті жояды» деген болатын. Діни тұлғалардың өмірбаянында еңбек пен талпыныс ерекше маңыздылыққа ие. Хазірет Әли (ғ.с.): «Алла Тағала мамандар мен аманатқа берік адамдарды жақсы көреді»,- деп айтқан болатын. Исламның ұлық пайғамбары ең жақсы сыйды еңбекқорлардың несібесі деп атап: «Еңбек арқылы тамақтанатын әр адамның алдынан  жәннәттің есіктері ашылады»,- деп айтқан. Пайғамбардың өмірбаяны мен сөздерінде білім мен жұмыс туралы хабардар болу қуатталды. Мұсылмандардың хабардар түрде орындаған жұмысының нәтижелері – ізгі. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы Ибн Масуд деген адамға: «Уа, Ибн Масуд! Бір жұмысты орындауға дайындалған кезде оны ойланып барып орында»,- деп кеңес берген.

Тегтер