Қар 18, 2023 18:09 Asia/Almaty
  • Иран: Кабудвал сарқырамасы (187)

Кабудвал сарқырамасы (Kaboud-val waterfall) Гүлістан облысының Әлиабад Катул аудан орталығының оңтүстік-шығысынан 5 км жерде теңіз деңгейінен 1780 метр биіктіктегі Харун тауының етегінде орманның арасында орналасқан.

Сарқыраманың бастау көзі Кабулвал мүкті сарқырамасынан шамамен 30 метр жоғарырақ орналасқан. Сарқыраманың биіктігі – 12 метр, көлшіктің тереңдігі – 2 метр.  Туристер қолдана алатын аудан – 550 метр. Бұл – Ирандағы жалғыз мүкті сарқырама.

Кабудвал сарқырамасы
Бұл сарқырама Әлиабад Катул аудан орталығының оңтүстік-шығысынан 5 км жерде орналасқан.
Сарқырамаға жету үшін әдемі орманның арасымен өту керек.
Сарқырамаға жету үшін 320-ға жуық тас баспалдақты басып өту керек. Сарқыраманың бастау көзіне жету үшін шамамен 170 метр биіктікке көтерілу керек.  
Кабудвал көк арық немесе көк өзен деген мағына береді.
Бұл ауданда өсімдік жамылғысы әралуан.
Онда өте құнды өсімдіктер өседі.
Кабудвал ауданы
Жыл сайын Мешхедке сапар шегетін көптеген жолаушылар ауа райы жайлы осы аймаққа соғып өтеді.

 

Тегтер