Маусым 17, 2017 10:47 Asia/Almaty
  • Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (11)

Бұл топтамамыздың кезекті бөлімі Моулана өлеңдеріндегі Рамазан айының рөліне арналады.

Моулана Жалал ад-Дин Мохаммад Моулави – х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген танымал ирандық шайыр, атақты сопы. Ол ақиқаттың жолына қосылғандарға жетекшілік ететін біртуар тұлға саналады. Моулави ораза тұту мен Рамазан айына қатысты ерекше көзқарас ұстанған. Оның осы мәселеге байланысты көзқарасының тереңдігі басқалармен салыстырғанда әлдеқайда ілгері деп айтуға болады. Оның терең сопылық көзқарасы үлгі тұтарлық саналады. Моулананың пікірінше, ораза тұтудың мағыналарының бірі харамнан алыс болуды растау болып табылады.

Адам халал тағамдар мен тіпті қарапайым судан бас тартқан кезде, харам тағам туралы тіпті айтудың да қажеті жоқ. Шынымен де, тіпті харам тағамды жейтін адам халал тағамнан оңай бас тарта алған кезде харам тағамнан неге бас тартпасқа? Осыған байланысты Моулананың көзқарасындағы ризық пен тағамдардың ретін түсіндіруге болады. Адамның бір алдамшы, бір негізгі азығы бар. Моулананың пікірінше, дүниелік тағамдардан бізге нәсіп болатын нәрселер негізгі азық емес. Біз тек әдеттеніп, негізгі тағамды ұмытқандықтан, алдамшы тағамды таңдағанбыз.

Әлем тамағымызды қысқан соң

Толды көмей мен ауыз топыраққа.

Жеп жатыр топырақты бұл ауыз

Боялды топырақ түрлі түске.

Мына кәуап, мына шарап пен мына шекер –

Мұның бәрі өзіндік сыры бар түрлі түсті топырақ.

Ет пен теріге бітті. Олар желінген соң

Терің боянып сол түске, кетті қайда топырақ?

Моулананың көзқарасына сәйкес, біздің ашкөздігімізді келтіретін түрлі тағамдар мен әртүрлі дастархандар өздерін басқаша көрсететін, алдамшы бейнедегі осы дүниедегі заттар мен топырақ. Бұл тағамдар оны ішердің алдында және оны ішкеннен кейін бұлардың біздің негізгі қорегіміз емес екенін, сонымен қатар, шөл далада өлімнен қорқып өлексе жеген аш кезбе секілді біз де өзіміздің рухани өмірімізді жалғастыру үшін "бұларды" жеуге шарасыз екендігіміздегі шындығын көрсетеді. Әйтпегенде, біз бен бұл хайуандық тағамдардың арасындағы айырмашылық қаншама?!

Тегтер