Maм 09, 2024 17:04 Asia/Almaty
  • Хазірет Масуме (ғ.с.) -  Әһле Бәйт (ғ.с.) бағының гүлі

Оның кесенесі жәннәттің бір бөлігіне ұқсайды және кесенесінің қай жерінде отырсаңыз да, сіз тыныштыққа бөленесіз.

Жүзінде, үнінде, мейірбан көзқарасында пәктігі тербелген Мәдинаның кеңістігінде бүгін мүбәрәк сәби үні жаңғырды. Бір кездері Құм қаласына тек ағасы Имам Резаның (ғ.с.) махаббаты үшін аяқ басып, сол жерде шәһид болған бойжеткен, енді оның қасиетті кесенесі ғашықтардың жүрегін тыныштандыратын орынға айналды. Бұл асыл ханым хижраның 173 жылы зиқаида айының бірінші күні Мәдинада дүниеге келген имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы - хазірет Фатима Масуме. Хазірет Масуменің мүбәрәк дүниеге келуімен бір мезгілде Құм қаласы мен оның қасиетті жері зияратшыларға толы.

 

Олар Әһли Бәйтке (ғ.с.) деген сүйіспеншілігімен кесенеге келіп, зархының қасына отырып, ең жақсы ханымды өздері мен Алланың арасына делдал етіп, дұға жасап, Алладан мұқтаждықтарын сұрайды.

Бір қызығы, он күннен кейін хазірет Масуменің құрметті ағасы Имам Резаның (ғ.с.) туған күні. Осылайша бұл он күн Иранда «Керамат онкүндігі» деп аталды.

«Керамат онкүндігі» хазірет Масуменің (ғ.с.) туған күнімен басталып,   хазірет Әли бин Мұса әл-Резаның (ғ.с.) дүниеге келген күнімен аяқталатын берекелі онкүндік.

  

Сіздерді Әһли Бәйттің (ғ.с.) осынау маңызды күндерімен құттықтаймыз!

 

Имамдардан хазірет Масуме (ғ.с.) үшін мағыналы лақаб аттар айтылған: Тахира, Хамида, Тақия, Сиддиқа және Махшар күнінің шапағаты.  

  

Бірақ шиіттер оны «Каримее Әһл әл-Бәйт (ғ.с.)» деп көбірек біледі, өйткені оның хазірет Заһра (ғ.с.) және Әһли Бәйт әулеті сияқты зияратшылары мен ғашықтарына деген мейірімі мол. Оның қасиетті кесенесі жәннаттың бір бөлігіндей, қай жерінде отырсаң да тыныштыққа бөленесің.  

Хазірет Масуменің мейірімді көзқарасының нұрында илаһи болмысың оянып, жүрегің Алланың нұрының бұлақтарына жалғанғандай. Сезімсіз көзіңізден жас ағып, сыр мен мұқтаждыққа ерніңізді ашып, қиыншылықтарыңызды айтып, Алла дұғаларыңызға жауап беруі үшін оны арашашы етесіз.

Имам Садық (ғ.с.), имам Реза (ғ.с.) және имам Джавад (ғ.с.) «Кімде-кім оны (Фатиманы) зиярат етсе, оған жәннат парыз болады» деп баса айтқан.

Сүйікті әкесі хазірет Мұса ибн Джафар (ғ.с.) шәһид болған кезде ол 10 жаста еді, содан кейін әкесінің өсиеті бойынша бұл асыл ханымның қамқорлығы ағасы имам Резаға (ғ.с.) жүктелді. Ағасы бала күнінен қарындасынан үлкен істерді, даналықты көріп, оны қатты жақсы көретін. Хазірет Фатима Масуме де әжесі хазірет Заһра (ғ.с.) сияқты білімде, амалда, ар-намыста, қасиеттілік пен кемелдікте өзгелерден озық болды. Ол тіпті Хазірет Фатима Заһра (ғ.с.) болмысының көрінісі және айнасы болғандықтан, оны екінші Фатима деп атаған. Әсіресе, екеуі де азаппен өмір сүріп, екеуінің де өмірлері қысқа болғандықтан, екеу аттас Фатима еді.

 

Рауаятта былай делінген:

«Кімде-кім Құмда хазірет Фатима Масумені зиярат етсе, Мәдинада хазірет Заһраға (ғ.с.) барғандай болады. (Сыйы ске сауабы бірдей)».

Хазірет Фатима Масуме – ізгіліктер мен биліктің үлгісі. Пәк тұлғалардың (с.ғ.с.) рауаяттары хазірет Фатима Масумені ізгіліктері мен жоғары дәрежесін айтады. Имам Садық (ғ.с.): «Біліңдер, Алланың қасиетті жері бар, ол – Мекке. Ал Алланың пайғамбары үшін қасиетті орын бар, ол – Мәдина. Және ол мүміндердің жетекшілері үшін қасиетті орын, ол – Куфа. Біліңдер, менің және менен кейінгі балаларымның қасиетті жері Құм. Құм – біздің кішкентай Куфамыз, біліңдер, жәннаттың сегіз есігі бар, оның үшеуі Құмға қарайды. Балаларымнан Мұсаның қызы Фатима ханым сол жерде дүние салды, оның шапағатымен бүкіл шиіттеріміз жәннатқа кіреді»,- деп айтқан.

Хазірет Фатима Масуменің мүбәрәк туған күнінен бөлек, бүгін Иран күнтізбесінде «Қыздар күні» деп те аталады. Иран-ислам мәдениетінде қыздар өзіндік орынға ие.

Қыз - отбасының нәзік мүшесі. Қызды үйдің көркі мен нұры дейді. Қыз – ананың көмекшісі, әкенің мұңы, ағасының сырын сақтаушысы. Қыз жанының нәзік жанұяға берген жылылықтары отбасы мүшелерінің ынтымағын еселей түседі.

Пәк имамдардың (ғ.с.) қыздарға арналған сөздерінде әдемі  сипаттамалар қолданылады. Қыздар: райхан гүлі,  кристалдар  және  жақсылық сияқты сөздермен аталады, олардың әрқайсысы қыздардың табиғи және рухани артықшылықтары мен ерекше қасиеттерін көрсетеді.

Әйелдерге деген бұл жоғары көзқарас Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сөзсіз талпыныстарының арқасында болды. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) адамзат тарихындағы қыздар мен әйелдердің өмірі мен  мәселелерінде үлкен рухани өзгеріс әкелді.

Ырымшылдық пен надандық қыздарды масқара санап, сәбилерді тірідей көміп жатқан заманда Алла Елшісі (с.ғ.с.) қызды болғанына қатты қуанды.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы Фатимаға (ғ.с.) деген мейірімділігі баршаны таң қалдырды.

Хазірет Фатима Заһра (ғ.с.) дүниеге келгенде,  Ислам елшісіне (с.ғ.с.) Алланың оған бір қыз сыйлағанын хабарлады. Хазірет серіктеріне қарап, олардың жүздерінен наразылық белгілерін көрді. Сондықтан ол: «Сендерден   күйлеріңе не болды? Алла маған хош иісті гүл сый етті, (егер оның ризығына алаңдасаңдар) оның ризығы Алланың қасында»,- деді.   Пайғамбар (с.ғ.с.) қызын тіпті адамдардың алдында сүйіп: «Ол үшін әкесі құрбан болсын», – деп айтатын.  

Пайғамбар (с.ғ.с.) сапарға шыққанда,   ең соңғы қоштасқан адамы Фатима (ғ.с.) болатын, қайтып оралған кезде ол қызыңа бәрінен бұрын барып: «Қызым Фатимадан жәннаттың иісін сезіп тұрмын»,- дейтін.

 

Хазірет (с.ғ.с.) «балаларыңның ең берекелісі – қыздарың, Алла  ұлдардан  қыздарға мейірімділеу» деп баса айтты. Бұл мінез-құлық үлгісін басқа пәк (ғ.с.) адамдардан да байқауға болады және қыздарға мейірімді болу әрқашан ерекше атап өтілді. Хиджаб пен пәктік сынды тақырыптар әйелдер мен қыздардың қоғамдағы биік орны мен теңдесі жоқ қадір-қасиетін құрметтейтін бір-бірін толықтырушы дәнекер екені даусыз. 

Әдетте Иранда «Қыздар күнінде» қыздар ата-анасынан сыйлық алып, үйде шағын мерекелік шара ұйымдастырылады. Қыздарға деген бұл құрметті көзқарас Батыстың оларды құралға айналдырған көзқарасымен толығымен қайшы келеді. Батыс әйелдерге  адамгершілікке жатпайтын көзқараста болып, оны нәпсіқұмарлардың ойыншығына айналдырса, исламдық Иранда қыздар болашақ ана және дені сау ұрпақтың тәрбиешісі саналады.

Ислам діні қыздардың отбасындағы және соның нәтижесінде қоғамдағы рөлін аса маңызды деп санап, қыз баланың нәзіктігіне байланысты қыз тәрбиесін ұл бала тәрбиесінен ерекше санайды.  

Дін мен Әһл-Бәйт (ғ.с.) тағылымдарында  қыз тәрбиесінде әкелердің орны ерекше. Әкенің сүйіспеншілігі қызының сүйіспеншілігі мен ерекелеу қадеттілігін қамтамасыз етеді. Әке мейірімі мен ана махаббаты қыздарға дұрыс тәрбие берумен қатар қарапайымдылықты сақтауға және олардың әлеуметтік жауапкершіліктерге дайын болуына себеп болады.

 

 Хазірет Фатима Масуменің туған күні құтты болсын!

Тегтер