-
Иранның Ауғанстанға электр қуатын тасымалдайтын желісі үзілді
Там 03, 2020 17:27Ауғанстанның Герат облысында электр қуаты желісіне минометпен шабуыл жасалғаннан кейін Ираннан электр тарату тоқтатылды.
-
Араста Еуразия одағына мүше елдер елшілерінің отырысы өтеді
Там 03, 2020 17:09Иранның солтүстік-батысындағы Арас еркін аймағы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы осы аймақта Еуразия экономикалық одағына мүше елдер елшілерінің отырысы өтетінін хабарлады.
-
Иран мен Ауғанстанның қарым-қатынасын кеңейту қажеттігі қуатталды
Там 02, 2020 13:45ИИР Президенті: «Иран басшылары Ауғанстанмен барлық салада қарым-қатынасты кеңейтуді қалайды»,-деді.
-
Иран Барлау министрлігі: «Тондар» лаңкестік тобының басшысы ұсталды
Там 01, 2020 15:01Иран Барлау министрлігі: «АҚШ-тан Ирандағы қарулы және диверсиялық амалдарды басқарып отырған «Тондар» лаңкестік тобының басшысы Джамшид Шармахд күрделі амал барысында Иран қауіпсіздік күштері тарапынан құрықталды»,-деп хабарлады.
-
Иран мен Түркия басшылары екі елдің қарым-қатынасын жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады
Там 01, 2020 13:59Иран мен Түркия басшылары әртүрлі салаларда, соның ішінде сауда-экономикалық әріптестік саласында өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады.
-
Иран мән Әзірбайжан басшылары сұхбаттасты
Там 01, 2020 13:45Иран мән Әзірбайжан басшылары телефон арқылы сұхбаттасып, Теһран-Баку қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, нығайтуға талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.
-
Иранда өткен тәулікте COVID-19-дан 197 адам көз жұмды
Шіл 31, 2020 17:45Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы жұма күні елдегі коронавирусқа шалдыққандар туралы соңғы статистиканы жариялап: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағат ішінде тағы 2674 адамда COVID-19 анықталды. Олардың 1523-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деп хабарлады.
-
Иран мен Грузияның экономикалық қатынасын тереңдету қуатталды
Шіл 30, 2020 14:52Грузиядағы Иран елшісі екі елдің экономикалық қатынасын тереңдету қажеттігін қуаттады.
-
Иран Сирия үкіметінің рұқсатысыз орналасқан шетелдік күштердің елден шығарылуын талап етті
Шіл 24, 2020 14:05БҰҰ Иранның тұрақты өкілі АҚШ-тың Сирия халқына қарсы біржақты санкцияларын ұятты санап, Сирия үкіметінің көзқарасынша заңсыз орналасты деп саналатын барлық шетелдік күштердің бұл елден шығу қажеттілігін қуаттады.
-
Мусави: Иранда болған соңғы өрттің кибер шабуылға қатысы жоқ
Шіл 23, 2020 14:27ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында кейбір елдер мен режимдердің Иранға қарсы кибер шабуылы мен бүлдіргі әрекеттері туралы уәждерге тоқталып: «Иранның инфрақұрылымдарына күн сайын мыңдаған кибер шабуыл жасалады. Бұл тың нәрсе емес. Шабуылдардың басым бөлігі елдің Компьютерлік оқиғаларға реакциялар тобы мен қорғаныс кешені тарапынан бірден залалсыздандырылады», деді.