Иран Мысырдағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
Иран СІМ ақпарат хатшысы: "Теһран діни мекендер мен қауымдастықтарды кез-келген түрде қорлау мен қарапайым және қорғансыз халықты қандай да сылтау және дәлелмен нысанаға алуды кесімді түрде айыптайды",- деді.
Мысырдың әл-Ғарбия облысының орталығы Танта қаласы мен Александриядағы екі шіркеуде орын алған лаңкестік жарылыс салдарынан шамамамен 46 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні кешке Мысырдың шіркеулерінде орын алған лаңкестік жарылыстарды жүзеге асырушылардың әрекетін айыптап, Мысыр үкіметі мен халқына және осы оқиғадан аман қалғандарға жанашырлық білдіріп: "Мұндай қылмыстық әрекеттер діни бүлік шығару және аспандық ірі дін ұстанушылардың арасында үрей мен қақтығыс тудыру мақсатында жоспарланып, жүзеге асып отыр",- деп қуаттады.
ДАИШ лаңкестік тобы Мысырда орын алған лаңкестік жарылыстарды өз мойнына алып отыр.