Шіл 12, 2017 18:47 Asia/Almaty
  • Иран аймақтағы алауыздықтарды доғару бағытында жасалатын талпыныстарды қолдайды

ИИР-ның президенті Рухани лаңкестік пен кейбір елдердің жөнсіз араласушылықтарын аймақтағы жалынның өршуінің себебі деп атап: «Иран аймақтағы қақтығыстар мен келіспеушіліктерді тоқтатуға ұластыратын барлық талпынысты қолдайды» деді.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани бүгін, сәрсенбі күні Теһранда Оман Сыртқы істер Министрі Иусеф Бен Алавимен кездесуінде Теһран-Маскат арасындағы жан-жақты серіктестіктерді нығайту қажеттігін қуаттап: «Теһран-Маскаттың жақсы байланыстарын Иран-Оман халықтарының мүддесі бағытында екіжақты серіктестіктерді дамытып, кеңейту үшін пайдалану керек» деді.

ИИР-ның президенті сөзінің жалғасында аймақтағы кейбір елдердің Йемен мен Сириядағы, Бахрейн мен Катардағы қиындықтарға қатысты қате шешім қабылдауына тоқталып: «Йемен мен Бахрейндегі қиындықтарды шешудің жалғыз жолы - келіссөздер өткізіп, бейбітшілік орнату. Аймақтағы осы түйткілдерді доғару үшін барлық елдер күш салуы керек» деді.

Оман СІМ Иусеф Бен Алави да кездесуде аймақтағы мәселелерді неғұрлым тезірек дипломатиялық тәсілдер арқылы шешу қажеттігін қуаттап: «ИИР-ның аймақ мәселелері мен Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешудегі, сонымен қатар лаңкестікпен, соның ішінде ДАИШ-пен күресудегі рөлі өте маңызды әрі ықпалды болды» деді.

 

Тегтер