Иранның зымырандық күш-құдіреті мәміле мен келіссөзді қажет етпейді
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы, дивизия генералы Бағери ИИР зымырандық күш-қуатының қорғаныстық сипатта екенін әрі оның келіссөзді қажет етпейтінін мәлімдеді.
Генерал Бағери Машһадта Сақшылар корпусы күштері қолбасшыларының форумында сөйлеген сөзінде: «Иран шекараларын қорғап, лаңкестермен күресте қарсыласу өзегіндегі елдерге көмектесумен бірге өз халқына үлгі боларлық қауіпсіздік қалыптастырды» деді.
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Американың әскери басшыларының Иранда жүйені өзгерту қажеттігі туралы араласушылық сөздеріне сілтеме жасап: «Америкалық басшылар барлық қастандықтарға қарсы айбынмен табандылық танытқан Иран туралы ақылға қонымды, қисынды сөйлесін. Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтармен бір қатарға қойып, Сақшылар корпусына санкция салу Америка мен олардың аймақтағы базалары мен күштері үшін үлкен қатер» деді.