«Сайяд-3» зымыранын жасау технологиясына тек бірнеше ел ғана ие
Иран армиясы Хатам ул-Анбия (с.) әуе-қорғаныс гарнизонының басшысы Исмаили: ««Сайяд-3» ұзақ қашықтыққа арналған әуе-қорғаныс зымырандарын жасау технологиясының толық кешені тек бірнеше елдің қолында бар. Ирандық мамандар мұны санкция жылдары елдің ішкі қабілетіне сүйеніп, жобалап жасады»,-деді.
Иран армиясы Хатам ул-Анбия (с.) әуе-қорғаныс гарнизонының басшысы бригада генералы Фарзад Исмаили сенбі күні Теһранда «Сайяд-3» әуе қорғаныс зымырандарын өндіру желісінің ашылу рәсімінде: ««Сайяд-3» зымыранының тұсауын кесу тек бір зымыран жасау ғана емес, жаңа технология тудыру болып табылады.
Ұзақ қашықтыққа арналған «Сайяд-3» әуе-қорғаныс зымыраны электрондық соғыста көптеген қабілетке ие. Оны төмен биіктіктегі нысаналарға қарсы қолдануға болады.
«Талаш-2» қарулы жүйесімен жарақталған бұл зымыран Иранның біртұтас әуе-қорғаныс желісіне қосылды. Ол «Сайяд-1» мен «Сайяд-2» зымырандарының қабілеттеріне де ие»,-деп қуаттады.