Шіл 21, 2020 17:57 Asia/Almaty
  • Форду нысанында уран байыту және ирандық центрифугаларды дамыту жұмыстары жалғасады

Иран Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының баспасөз өкілі Форду ядролық нысанында 1044 центрифугамен уранды 4,5 пайызға байыту жұмыстардың жалғасатынын хабарлады.

 

Абулфазыл Амуи дүйсенбі күні Мәжілістің бірқатар өкілдерінің Иранның орталығындағы Натанз мен Теһранның оңтүстігіндегі Форду ядролық кешенідерін аралап: «Ирандық ядролық ғалымдардың ерік-жігерімен центрифулардың жаңа буындары, олардың ішінде «IR 6», «IR 8» және «IR 9» центрифугаларын зерттеу және дамыту үдерісі жалғасуда»,- деді. Амуи сондай-ақ Натанз оқиғасына тоқталып: «Натанзда уран байыту жалғасуда, соңғы оқиға нысанның әлемдік деңгейіндегі жұмыстарына әсерін тигізбейді»,- деді. Айта кететін жәйт, Натанз уран байыту орталығындағы бөлімдерінің бірі 2 шілдеде апатқа  ұшырады.

 

Тегтер