Ислам революциясы жетекшісінің қажылыққа арналған жолдауы
АҚШ-тың нәсілшіл үкіметінің әрекеттерін айыптап, халқының әрекетін қолдаймыз.
Аятолла Хаменеи қажылыққа арналған жолдауында Ислам үмбетінің басқыншы АҚШ пен сионистік режимге қарсы бірігуі қажеттігін және сондай-ақ, Палестинаның жапа шеккен халқына көмектесіп, Йеменнің жаралы денесіне жан дауа болып, әлемнің кез келген жерінде зорлық-зомбылық көрген мұсылмандардың мәселелеріне көңіл бөлу қажеттігін айтып, мұсылман бауырына иек артудың орнына дұшпанды паналайтын және бірнеше күндік жеке пайда үшін дұшпанның қорлығы мен зорлығына көніп, өз халқының тәуелсіздігі мен абырой-айбынына сызат түсіріп жатқан кейбір ислам елдерінің басшыларын мұндай сорақы әрекеттерден бас тартуға шақырып: «АҚШ-тың Батыс Азияда болуы аймақ халықтарына зиян тигізуде және тынышсыздық орнап, елдердің құлдырап, артта қалуына себеп болып отыр. АҚШ қазіргі жағдайы мен нәсілшілдікке қарсы қозғалысы кезінде біз бұл елдің халқын қолдап, нәсілшіл үкіметінің зорлық-зомбылығын айыптаймыз»,-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы:
بسماللهالرحمنالرحیم
والحمدلله رب العالمین و صلی الله علی محمد و آله الطاهرین و صحبه المنتجبین
و من تَبِعَهُم باِحسانٍ الی یوم الدین
Қажылық – Ислам әлемінің ғиззаты мен ұлылығын сезінетін кезең. Биыл мүміндер уайым-қайғыға батуда. Жүректер Қағбаға жете алмай, көз жастарын жасыра алмайды. Бұл жағдай Алланың көмегімен ұзаққа созылмайды. Бұл кезеңнің қажылық сынды үлкен нығметті бағалай білу сабағы ұмытылмай, бізді немқұрайдылық білдіруден алыстатуы керек. Қағба мен Исламның ұлық пайғамбарының кесенесінің және пәк имамдардың Бақи зиратынының қасында жианалатын Ислам үмбетінің ұлылығы мен құдыретінің құпиясы туралы биыл көбірек ойлануымыз керек.
Қажылық – теңдессіз рәсім, исламдық парыздардың бірі. Бұл рәсімде діннің барлық маңызды жеке және әлеуметтік, жердегі және көктегі, сондай-ақ тарихи тұрғылары қарастырылуы керек. Дін оқшаулану, жеке қалу емес. Дін жиынға қарсы емес, бірақ қақтығыс пен жала және жамандыққа қарсы. Қажылық мүнәжәт пен дұғалар, басқа жақтан Жаратушы мен халықтың арасындағы қатынас. Қажы әл-Харам мешітіне енген кезде өзін тарихпен, хазірет Ибраһим және хазірет Исмаил, Хаджар және Алла елшісімен, сондай-ақ Исламның басындағы мүміндермен, басқа жақтан замандас мүміндермен бірге сезінеді. Қажылық құбылысы туралы ойлану қажыны адамзаттың армандарының көбінің діндарлардың ынтымақтастығысыз нәтижеге жетпейтін еді және бұл жанашырлық пен қамқорлықтың дұшпандарды қиындықтармен бетпе-бет әкелді деген нәтижеге жеткізеді.
Қажылық үстемшілерге қарсы күш-қуатты көрсететін жаттығу. Қазіргі кезде исламдық үмбет - еркін. Ислам революциясының көсемі аятолла Хаменеи оны хазірет Ибраһимнің қажылығы деп атады. Әрине қажылықтың болмысы мен руһы оның ең маңызды мақсаттарынан.
Қазіргі кезде бұрынғыдай және одан көбірек исламдық үмбеттің мүдесі – бірлікте. Мұсылмандар қоқан-лоққылар мен дұшпандылықтарға, шайтанға қарсы бірлігін сақтап, басқыншы АҚШ пен оның байланған иті сионистік режимнің зорлық-зомбылықтарынан өзін батыл қорғауы қажет. «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер.» деген бұйырыққа негізделген Құран Кәрім: «Мұхаммад (с.ғ.с.) - Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді»,- деп таныстырады және «Сондай зұлымдық істегендерге бейім сыңай байқатпаңдар», «Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды», «Діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар», «Әй мүміндер! Менің дұшпандарымды да өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар», деп талап етіп: «Алла Тағала дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды»,- деді. Бұл бұйырықтарды мұсылмандар ұмытпаулары керек.
Қазіргі кезде үмбет пен оның жанашыр тұлғалары түбегейлі өзгерімен бетпе-бет келуде. Қазіргі таңдадағы исламдық ояну мұсылман дегдарлары мен жастарының өзінің теріске шығаруға болмайтын рухани байлығы мен біліміне назар аударуды білдіреді. Бүгін жүз жыл, елу жыл бұрын Батыс өркениетінің ең әйгілі армандары саналатын либерализм мен коммунизм құлдырап, олардың ақаулары анықталды. Олар теерң дағдарыстарымен бетпе-бет келіп, құлдырады. Қазіргі кезде Батыстың мәдени үлгісі ғана емес саяси және экономикалық үлгілері, яғни ақша, кемсітушілікке негізделген демократия өзінің тиімсіздігін және сыйбайлас жемқорлыққа бейімділігін көрсетті. Осы күні Ислам әлемінде Батыстың бүкіл уәждері мен өркениетін дағдарысқа тіреп, орнына исламдық баламаларын ұсынатын азаматтар аз емес. Қазір тіпті бұдан бұрын либерализмді тарихтың соңы деп таныстырған кейбір батыс ойшылдары өз сөздерін қайтып алып, теориялық және парктикалық адасуларын мойындайды. АҚШ-тың көшелеріне қарасаңыз, ел басшыларының халыққа қатынасын, елдегі әлеуметтік топтар арасындағы алшақтықтың терең сайын көреміз, елді басқару үшін сайланған адамдардың ақымақтығын, шегіне жеткен нәсілдік кемсітушілікті, еш жазығы жоқ қарапайым адамды көшеде жалпақ жұрттың алдында суыққандылықпен азаптап, өлтіретін полиция қызметкерлерінің қатігездігін, Батыс өркениетінің ақлақтық-әлеуметтік дағдарысының тереңдігін, оның саяси-экономикалық философиясының бұрмаланғанын айқын көреміз. АҚШ-тың әлсіз ұлттарға қатынасы – қорғансыз қара нәсілдінің мойнын тізесімен басып, өлгенше қысқан әлгі полиция қызметкерінің қатынасының үлкейтілген нұсқасы.
Хазірет Ибраһимның қажылығы заманауи надандықтың алдында Исламның дамуының көрінісі, Ислам діні мен исламдық қоғамның өмір сүру тәсіліне шақыру. Монотеизм негіздері бойынша өмір сүретін қоғамда қайшылықтар мен қақтығыстардың, кемсітушілік пен ақсүйектік артықшылықтардың, сыбайлас жемқорлық пен басқа ластықтардың алдын алу - қажетті лік болып табылады. Сондай-ақ шайтанға байғынбау, мүшіріктерден алыстау, кедейлермен араласу және оларға көмектесу , мұсылмандардың рәсімдерін арттыну негізгі міндеттерінен саналады. Сонымен бірге қоғамдық мүдделерге қол жеткізу, Алланы еске алып, Оған шүкіршілік білдіру мен құлшылық ету негізгі мақсаттары болып табылады.
Біз, Иран халқы ұлы имамымыз Хомейнидің басшылығымен бұл жолда қадам бастық және табысқа жеттік. Әрине ойлағанымызға және армандағанмызға жеттік деп уәждене алмаймыз, бірақ бұл жолда алға ілгерілеп, көптеген кедергілерден өттік деп айталамыз. Құранныі уәделеріне сай қадамдарымыз табанды болды. Қазіргі заманның ең ірі қарақшысы, яғни АҚШ бізді қорқыта да, айласына көндіре де алмады, тіпті біздің рухани және материалдық дамуымызды тежеуге қауқары жетпеді. Біз бүкіл мұсылман халықтарды бауырларымыз деп санаймыз және бізге қарсы дұшпандылық білдірмейтін мұсылман еместермен жақсы және әділ қатынас орнатамыз. Мұсылман қоғамының уайым-қайғысы мен қиындықтарын өз қиындықтарымыз деп біліп, оларды шешуге талпынамыз. Палестинаның жапа шеккен халқына көмектесіп, Йеменнің жаралы денесіне жан дауа болып, әлемнің кез келген жерінде зорлық- зомбылық көрген мұсылмандардың мәселелеріне көңіл бөлу қажеттігін айтып, мұсылман бауырына иек артудың орнына дұшпанды паналайтын және бірнеше күндік жеке пайда үшін дұшпанның қорлығы мен зорлығына көніп, өз халқының тәуелсіздігі мен абырой-айбынына сызат түсіріп жатқан кейбір ислам елдерінің басшыларын мұндай сорақы әрекеттерден бас тартуға шақырамын. АҚШ-тың Батыс Азияда болуы аймақ халықтарына зиян тигізуде және тынышсыздық орнап, елдердің құлдырап, артта қалуына себеп болып отыр. АҚШ қазіргі жағдайы мен нәсілшілдікке қарсы қозғалысы кезінде біз бұл елдің халқын қолдап, нәсілшіл үкіметінің зорлық-зомбылығын айыптаймыз.
Соңында имам Мәһдиге (ғ.с.) сәлем мен салауат айтып, имам Хомейни мен шәһидтерді еске алып, Алладан исламдық үмбетке қауіпсіз және мүбәрік қажылықты тілеймін.
Сейед Әли Хаменеи
7 мурдод 1399 жыл