Қаң 13, 2021 17:07 Asia/Almaty
  • Зариф: 11 қыркүйек террористері Помпеоның сүйікті елдерінің бірінен болды

Иранның Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранды әл-Каидамен байланыстырған негізсіз мәлімдемесіне реакция жасап: «11 қыркүйек оқиғасының террористерінің барлығы Батыс Азиядағы Майк Помпеоның сүйікті елдерінен болды», - деп баса айтты.

 

Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні өзінің Twitter-дегі аккаунтында: «Помпео мырза Кубаны террорист деп танып,   Иранды  әл-Каидамен  байланысы бар деген негізсіз уәждерімен   өзінің апатты мансабын  қаскөйлік өтірікпен аяқтауда. Ешкім оның сөзіне алданбайды. 11 қыркүйек оқиғасының террористерінің барлығы Батыс Азиядағы Майк Помпеоның сүйікті елдерінен болды, олардың ешқайсысы Ираннан емес»,- деп жазды.

Помпео негізсіз мәлімдемелерінде Иранды  әл-Каиданың  базасы деп атап: «Әл-Каиданың» көптеген мүшелері 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Ираннан пана тапқан»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер