Maм 12, 2022 17:00 Asia/Almaty
  • Теһранның халықаралық кітап көрмесіне 30 ел қатысып жатыр

Теһранның 33-ші халықаралық кітап көрмесі сейсенбі күні кешке Иран және 30 ел баспагерлерінің қатысуымен имам Хомейни(р.) кешенінде онлайн және оффлайн форматта басталып, 21 мамырға дейін жалғасады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрінің мәдениет істері жөніндегі орынбасары әрі Теһранның халықаралық кітап көрмесін өткізу штабының басшысы Ясер Ахмадванд: «Шетелдік баспагерлер бөлімінде 170 шетелдік баспахананың өнімдері 66 стендте жұрт назарына ұсынылған»,-деді.

Ахмадванд: «Көрменің виртуалды бөлігін ketab.ir сайтынан көруге болады. Бұл – барша халықтың кітап пен кітап оқуға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, мәдени әділеттік орнатуға бағытталған қадам»,-деді.

Тегтер