Ислам революциясы жетекшісінің Қасиетті қорғаныс апталығына арналған жолдауы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i64186-Ислам_революциясы_жетекшісінің_Қасиетті_қорғаныс_апталығына_арналған_жолдауы
Ислам революциясының жетекшісі Қасиетті қорғаныс апталығына арнаған жолдауында: «Шәһидтердің жолдауы мынау: шайтандарға қарсы тұру қорқыныш пен қайғыны ұмыттырып, жеңіске жеткізеді»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 22, 2022 22:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Қасиетті қорғаныс апталығына арналған жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі Қасиетті қорғаныс апталығына арнаған жолдауында: «Шәһидтердің жолдауы мынау: шайтандарға қарсы тұру қорқыныш пен қайғыны ұмыттырып, жеңіске жеткізеді»,-деді.

Аятолла Хаменеи «Лалалардың қонақасы» күні және Қасиетті қорғаныс апталығына арнаған жолдауында: «Шәһидтердің жолдауы күш-қуатына сүйеніп зұлымдық жасайтын шайтандарға қарсы тұру қорқыныш пен қайғыны ұмыттырып, жеңіске жеткізетінін есімізге салады»,-деді.

Аятолла Хаменеи  өз жолдауында: «Қасиетті қорғаныс апталығы – шәһидтерді еске алып, олардың жолдауын тыңдауға арналған ең ізгі әрі қолайлы уақыт»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ: «Шәһидтердің жолдауы – сезетін жүректер мен тыңдайтын құлақтарға сүйінші хабар»,-деді.

Аятолла Хаменеи: «Бұл – өміршең жолдау. Қуат мен үміт сыйлайды. Иран халқы мен әлемдегі азаттық сүюшілердің қазіргі және әрдайымғы қажеттілігі – осы»,-деп еске салды.