Maм 02, 2023 02:41 Asia/Almaty
  • Иранда ұшаққа арналған отандық мотор сынақтан сәтті өтті

Иран Президентінің қатысуымен өткен іс-шарада Мапна индустриалды тобы жасаған отандық ұшақ моторы сынақтан сәтті өтті.

Жұмысшы күнімен бір мезгілде Ибрахим Раиси Мапна индустриалды компаниясына барды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президентінің қатысуымен өткен іс-шарада Мапна индустриалды компаниясында кері инженерия тәсілімен жасалған отандық мотор мен оны бақылау жүйесі сынақтан сәтті өтті.

Раиси Мапна индустриалды компаниясында жасалған электр қуатын өндіретін F класындағы дамыған газ турбинасы мен  МАР 24 локомотивін тамашалады.

Иран Президенті сондай-ақ Мапна компаниясының локомотив жүргізуге үйрету орталығының әлеуетін пайдалана отырып, елді отандық локомотивтермен қамтамасыз ету керегін баса айтты.

Тегтер