Қыр 18, 2023 16:17 Asia/Almaty

Иран Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі Горгандағы ұшқышсыз ұшақтың апатқа ұшырауының себебі ретінде жүйелердің бірінің техникалық ақауы мен ауытқуын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі Реза Талаиник Горгандағы оқиға туралы телебағдарламада: "Шөлді аймақта жүргізілген шабуылдаушы және ұшқышсыз жүйелерді зерттеу сынақтары барысында сынақтан өтіп, зерттеліп жатқан жүйелердің бірінде техникалық ақау болып, дрон негізгі жолдан ауытқып, ыдырап, оның бөліктері Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының орталығы Горган қаласының аудандарына құлады. Құтқару және жедел топтар құлаған бөліктерді жинап жатыр",- деді.

 

Тегтер