Maм 22, 2024 17:37 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі Имам Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні таңертең Теһран университетінде және көп жиналған жамағаттың арасында қызмет шәһидтерінің жаназа намазын оқыды.  

Ислам революциясының жетекшісі Имам Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні таңертең Теһран университетінде және көп жиналған жамағаттың арасында қызмет шәһидтерінің, атап айтқанда   ИИР Президенті  Сейед Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Амирабдуллахиан, Шығыс Әзірбайжан облысындағы діни басшының өкілі әл-Хашим, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Рахмати, Президенттің қорғаныс тобының басшысы Сардар Сейед Мәһди Мусави, ұшқыш Сейед Тахер Мұстафави, борт инженері Бехруз Қадими және ұшқыш Мохсен Дарьяноштың жаназа намазын оқыды.  

Намаздан кейін шәһидтердің денелерін халық қоштасуы үшін  Теһран университетінен "Азади" алаңына қарай әкетті.

Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі Амирабдуллахиан мен оның делегациясы кеше, жексенбі "Қыз қаллесі" бөгетін ашу рәсіміне қатысу және Иран мен Әзірбайжан республикасына ортақ "Ходаафарин" бөгетінің құрылысы барысымен танысу үшін Шығыс Әзірбайжан облысына барған болатын.

Иран Ислам Республикасының Президенті, Иран Сыртқы істер министрі мен онымен бірге келген делегация мінген тікұшақ Варзеган аймағында ауа райының қолайсыздығынан кері қайтар жолда апатқа ұшырап, барлық жолаушылар шәһид болды.