Maм 22, 2024 18:35 Asia/Almaty
  • Ирак Премьер-министрі: Біз Иранның шәһид президентінен шынайылық, тазалық, талпыныс пен қызметтен басқа ештеңе көрмедік

ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси мен оның серіктерінің шәһид болғаннан кейін Ирак Премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Судани бүгін  Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде елінің үкіметі мен халқының атынан имам Хаменеи мен Иран халқына көңіл айтты.

Бұл кездесуде әл-Судани: «Мен осындай әсерлі жағдайда  Ирак үкіметі мен халқының қайғысын жеткізу және Иран үкіметі мен халқына көңіл айту үшін келдім. Иранның шәһид президенті Раиси мырзадан тек адалдық, шынайылық, тазалық, еңбек пен талпыныс, халыққа қызмет етуді көрдік",- деді.

Ирак Премьер-министрі сондай-ақ Иранның шәһид президентінің жерлеу рәсіміне миллиондаған адамның қатысуына тоқталып: «Мен бүгін теледидардан көрген бейнелерде анық хабарлар болды, олардың ең маңыздысы барлық қысымдар мен санкцияларға және осы қайғылы оқиғаға қарамастан Ислам Республикасындағы халық пен билік арасындағы берік қарым-қатынастың тереңдігі.   Миллиондаған ирандықтардың жерлеу рәсіміне қатысуының тағы бір хабары: халыққа қызмет ету керек. Бұл керемет жерлеу халыққа қызмет етудің нәтижесі және бұл сабақ біздің Ирактағы басты тақырыбымыз болуы керек",- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі былай деді: "Осы кезде  Мохбер мырза конституцияға негізделген ауыр жауапкершілікті өз мойнына алды.  Алла қаласа, Ирак үкіметімен ынтымақтастық пен келісімдер жолы жалғасады".

 

Тегтер