Генерал-лейтенант Абдоллахи: Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83264-Генерал_лейтенант_Абдоллахи_Біз_босқа_ұран_айтпаймыз_айтқанымызды_іске_асырамыз
ParsToday-  Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы: «Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз және мұны іс жүзінде дәлелдеп көрсеттік»,- деді.
(last modified 2026-03-20T02:36:55+00:00 )
Нау 20, 2026 08:51 Asia/Almaty
  • Генерал-лейтенант Абдоллахи: Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз

ParsToday-  Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы: «Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз және мұны іс жүзінде дәлелдеп көрсеттік»,- деді.

ParsToday-дің хабарлауынша, Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Әли Абдоллахи: « Біз босқа ұран айтпаймыз, айтқанымызды іске асырамыз және мұны іс жүзінде дәлелдеп көрсеттік, алдағы уақытта да солай болады»,- деп баса айтты.

Генерал-лейтенант Абдоллахи Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің соңғы жетістіктеріне сілтеме жасап, осы күштердің Иранның ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыру жолында жалғастыруға шешімді ниетін растады.

Хатам әл-Анбия (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы сонымен қатар Иран Қарулы Күштерінің елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтаудағы басты рөліне тоқталып, олардың әрқандай қауіп-қатерге қарсы елдің тұтастығы мен ұлттық мүдделерін қорғауға әрқашан дайын екенін ескертті.