Шейх Закзаки: Шәһид Имам Хаменеидің қаны үшін сионистер сазайын тартады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84298-Шейх_Закзаки_Шәһид_Имам_Хаменеидің_қаны_үшін_сионистер_сазайын_тартады
ParsToday - Нигериядағы шииттердің көшбасшы: «Шәһид Имам Хаменеи мен оның таза қаны үшін қатерлі ісікке айналған сионистік режим сазайын тартады», - деді.
(last modified 2026-05-19T12:01:35+00:00 )
Maм 19, 2026 17:22 Asia/Almaty
  • Шейх Закзаки: Шәһид Имам Хаменеидің қаны үшін сионистер сазайын тартады

ParsToday - Нигериядағы шииттердің көшбасшы: «Шәһид Имам Хаменеи мен оның таза қаны үшін қатерлі ісікке айналған сионистік режим сазайын тартады», - деді.

ParsToday хабарлауынша, Нигерия шииттерінің көшбасшы шейх Ибраһим Закзаки «Инна Маас-Сабр Насра» кітабының хауса тіліне аудармасының ашылу салтанатына жолдаған құттықтауында: «Шәһид имам Хаменеи және оның таза қаны үшін қатерлі ісікке айналған сионистік режим сазайын тартады», - деді.

Дүйсенбіде шейх Ибраһим Закзакидің арнайы жолдауымен және Иран үкіметінің баспасөз хатшысы доктор Фатеме Мохаджеранидің қатысуымен «Инна маас-сабр насра» (Сабырмен жеңіске жету) кітабының хауса тіліне аудармасының ашылу рәсімі өтті. Бір топ зиялы қауым өкілдері, мәдени белсенділер, діни және халықаралық қайраткерлер қатысқан рәсімде шығарманың неміс және қазақ тілдеріне аудармалары да таныстырылды.

Салтанаттың ең маңызды сәті Нигерия шииттерінің көшбасшы шейх Ибраһим Закзакидің бейнеүндеуінің көрсетілуі болды. Ол өз жолдауында имам Хаменеидің отбасының тарихы мен күрес тарихына тоқталып, оны Ислам революциясының негізін қалаушы Имам Хомейнидің (р.а.) әділ мұрагері деп сипаттады. Шейх Закзаки шәһид болған көсемнің қырық жылдан астам уақыт бойы алған жарақаттарына қарамастан, революция жолында және Ислам үмбетін қорғауда берік жігермен және жастық ынтамен қадам басқанын мәлімдеді.

Шейх Закзаки өз жолдауының басқа бөлімінде Имам Хаменеиді білім, батылдық, ой және көшбасшылық тұрғысынан ерекше тұлға деп сипаттап, осы шәһидтің ізбасарлары оның жолын жалғастыруға ант беретінін атап өтті.

Нигерия шииттерінің көшбасшы сөзінің соңында имам Сейед Моджтаба Хаменеи бастаған үстемдікке қарсы ақиқат қозғалысының жарқын болашағына тоқталып: «Ислам революциясының жетекшісі Сейед Моджтаба Хаменеи әлемдік үстемдік құлап, Ислам революциясының біртұтас және жоғарғы билігі орнағанға дейін осы жолды жалғастырады», - деді.