Ақп 03, 2024 21:51 Asia/Almaty
  •  Америка  Йемен жеріне қайта шабуыл жасады

Ирактың "Әл-Ахд" арнасы сенбі күні таңертең АҚШ-тың Йемен жеріне жасаған жаңа шабуылдарын жариялады.

 

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, басқа жағынан, Associated Press ақпарат агенттігі осы шабуылды растаған америкалық әскери қайраткерге сілтеме жасап: «Бұл шабуыл өзін-өзі қорғау мақсатында жасалды",- деп уәжденді. Бұл АҚШ-тың соңғы бірнеше сағатта Йеменге жасаған екінші шабуылы. Жұма күні кешке ақпарат көздері АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменнің «Хаджа» провинциясындағы аудандарға жасаған әуе шабуылы туралы хабарлады.

Йеменнің «Ансаролла» сайты АҚШ-Британия басқыншылық коалициясының Хаджа провинциясына әуе шабуылдарын жасағанын хабарлады. Осыған байланысты Йемендік қауіпсіздік көзі: "Агрессор  қырғи ұшақтары Абс қаласындағы Әл-Жар аймағына төрт рет шабуыл жасады",- деп мәлімдеді.

 

 

 

Тегтер