Сәу 10, 2024 21:55 Asia/Almaty
  • Мерсхаймер: Израиль негізінен бақылаудан шықты

Америкалық танымал теоретик және профессор Джон Мерсхаймер (Мершаймер) бір сұхбатында Израильдің 13 сәуірде Дамасктегі Иран консулдық бөліміне жасаған шабуылын халықаралық құқыққа үлкен соққы деп сипаттады.

 

Бұл туралы ол  Intercept  сайтының негізін қалаушы  Гленн Гринвальдқа  берген сұхбатында былай деді:  «Израиль негізінен бақылаудан шықты. «Газада гуманитарлық конвойға жасалған шабуылға байланысты болған оқиғаға тоқталсаңыз, Израильдің жасай алатын әрекеттерінде шектеу жоқ екенін көресіз, олар өздері қалағанын жасай алады». Ол: "Біз Дамаскідегі Иран консулдығын бомбалау туралы айтып отырмыз, менің ойымша, бұл заңға негізделген халықаралық тәртіпке үлкен соққы. Израильдіктер өздерін бүлікшілер сияқты ұстайды және АҚШ оларды кез келген жағдайда қорғайды",- деп сөзін жалғастырды.

Джон Мершаймер Израильдің осы әрекеттеріне американдық қолдауды сынауды жалғастырды: "Бұл АҚШ үшін жақсы емес, жалпы халықаралық саясат үшін де жақсы емес».

Бұл университет профессоры Израильдің Иран консулдық ғимаратына шабуыл жасау себептерін Газа соғысындағы режимнің жеңілісімен байланыстырды: "Олардың мақсаты не екенін білмеймін, мотивациясын түсіну қиын, шарасыз деп айтуға болады. Олар не істерін білмейді. Газада жағдай жақсы емес, Хизболламен де жақсы емес. Израильдіктер туралы өте жағымсыз жаңалық бар. Олар өздерін батпақтан шығаруға тырысқандықтан, шиеленісті күшейтіп жатыр деуге болады. Сондай-ақ олар Американы Иранмен соғысқа тартқысы келетін болуы мүмкін, бұл да Израиль үкіметінің ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі. Бұл Америка Құрама Штаттары үшін жақсы емес".  

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі, фарвардиннің 13-і күні кешке Израильдің жойғыш ұшақтары Дамасктің Әл-Мезе көшесіндегі Иран консулдығы ғимаратын нысанаға алған. Бұл шабуылда 7 ирандық кеңесші мен бірнеше сириялық шәһид болды.

Көптеген елдер бұл шабуылды айыптады, бірақ осы шабуылдан бірнеше күн өткен соң Америка Құрама Штаттары өзінің батыстық одақтастарымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бұл шабуылды айыптау мәлімдемесінің қабылдануына жол бермеді.

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль 33 мыңнан астам палестиналықты өлтіріп, Газадағы үйлерін қиратты.

Израиль режимінің құрылымы 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне көшуі арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері палестиналықтарды геноцидке ұшыратып, олардың бүкіл жерін басып алу үшін түрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

ИИР Израильдің отаршылдық режимін ыдыратып, еврейлердің бастапқы жерлеріне оралуын байыпты қолдаушылардың бірі болып табылады.

 

 

Тегтер