Палестина Исламдық джиһад қозғалысы: Араб одағы дәрменсіз жағдайдан шығуы тиіс
(last modified Mon, 02 Apr 2018 16:06:55 GMT )
Сәу 02, 2018 22:06 Asia/Almaty
  • Палестина Исламдық джиһад қозғалысы: Араб одағы дәрменсіз жағдайдан шығуы тиіс

Палестина Исламдық джиһад қозғалысының баспасөз өкілі: "Араб одағы дәрменсіз жағдайдан шығып, сионистік режимді палестиналықтарға қарсы қылмыстарды іске асыруына байланысты жауапқа тартуы тиіс",- деді.

Палестина Исламдық джиһад қозғалысының баспасөз өкілі Давуд Шаһаб: "Палестина халқы Израиль режимі мен осы режимнің ұйымдасқан лаңкестігімен күресіп жатыр",- деп мәлімдеді. Давуд Шаһаб сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерманның өткен жұма күні қаза болған палестиналық шәһидтердің ісін тергеу жөнінде комитет құруға тыйым салуына сілтеме жасап: "Сионистердің жұма күні жасаған қылмысы палестиналықтардың израильдік басқыншыларға қарсы қарсыласудың барлық формаларын қолдану құқығын нығайта түсті",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер