Сәу 13, 2023 17:17 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік Құдс күніне орай сионистік режим әскерилері

Сионистік режим ақпарат құралдарының сейсенбі күні кешке хабарлауынша, осы режимнің қауіпсіздік күштері Дүниежүзілік Құдс күніне орай "дайын бол" жағдайына көшті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің 12-арнасы: "Рамазан айындағы текетіресті, әсіресе өткен аптада Ливан, Газа секторы мен Сириядан зымырандар атылғанын ескере отырып, аптаның аяғында түрлі аудандарда әуе қорғаныс жүйелерін күшейтуге шешім қабылданды",-деп мәлімдеді.

Мұнымен бір мезгілде Израильдің арнайы жасағы басып алынған Палестинаның орталық бөлігінде орналастырылды. Олар сионистік режимнің полиция күштеріне көмектесіп, қалалардың ортасында қауіпсіздікті күшейтуі керек.

Әл-Ақсадағы өзгерістерге байланысты Палестинада қақтығыстар көбейгеннен кейін сионистік режимнің Премьер-министрі сейсенбі күні Рамазан айының аяғына дейін яһудилердің әл-Ақса мешітіне кіруіне тыйым салды.  

Нетаньяху: "Израиль қауіпсіздік қызметі басшыларының кеңесіне сәйкес Рамазан айының аяғына дейін яһудилердің әл-Ақса мешітіне кіруге құқылары жоқ",-деп мәлімдеді.  

Тегтер