Қаз 29, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • UNRWA Газада ұн мен өмірлік қажетті заттардың қатты тапшылығы туралы ескертті

Сионистік режимнің шабуылдары мен Газа секторын адамгершілікке жатпайтын қоршау жалғасып жатқанда, БҰҰ-ның көмек агенттігі (UNRWA) жексенбі күні (бүгін) палестиналықтардың ауыр жағдайы мен өмірлік маңызды заттардың қатты жетіспеушілігі туралы ескерту жасады.

 

Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыспен қамту агенттігі (UNRWA) мыңдаған палестиналықтардың осы көмек ұйымының қоймаларына кіріп, бидай мен басқа да маңызды заттарды өздерімен бірге алып кеткенін хабарлады. Осы халықаралық көмек ұйымының мәлімдемесіне қарағанда, шабуылға ұшыраған орталықтардың бірі Мысырдан жіберілген көмек сақталған Дейр әл-Балахтағы қойма болды. UNRWA-ның Газа секторындағы істері жөніндегі директоры Томас Уайт: « «Бұл үш апталық соғыс пен Газаға қарсы ауыр қоршаудан кейін азаматтық тәртіп бұзыла бастағанының белгісі»,- деді.

 

Тегтер