Иран Ауғанстан бейбітшілігі конференциясының нәтижелі болатындығына үміт білдірді
(last modified Sat, 10 Nov 2018 13:19:56 GMT )
Қар 10, 2018 19:19 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстан бейбітшілігі конференциясының нәтижелі болатындығына үміт білдірді

Мәскеуде өткен Ауғанстанда бейбітшілік орнату жөніндегі конференцияда Теһранның атынан қатысқан Иран СІМ-нің Батыс Азия істері жөніндегі басқарманың бас директоры Расул Ислами Иран мен басқа аймақ елдерінің Ауғанстанға көмектесуге талпыныс жасап жатқанын, ұсынылған бақылау жолы арқылы конференцияның мақсаттарына қол жеткізілетіндігіне үміт білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Расул Ислами жұма күні тілшілерге берген сұхбатта: "Мәскеу бейбітшілік конференциясы Ауғанстан жөніндегі басқа отырыстарға қарағанда өте маңызды саналады. Себебі, конференцияға Ауғанстанның Жоғары бейбітшілік кеңесі, Талибан тобы мен аймақтағы көршілес елдердің өкілдері қатысып жатыр.

Ауғанстан Жоғары бейбітшілік кеңесі мен Талибан тобы өкілдерінің конференция барысы мен конференция аясында тікелей сұхбаттасатын мүмкіндіктері болды",- деді.

Ауғанстандағы бейбітшілік жөніндегі екінші халықаралық конференция аймақ елдері мен халықаралық ұйымдардың, сонымен қатар Кабулмен дос әрі көршілес елдер өкілдерінің қатысуымен жұма күні Мәскеуде өтті.

 

 

 

 

Тегтер